Өңірлік парк Тәуелсіздік мерекесін атап өтті.

       2014 жылдың 15 желтоқсан күні мекеменің барлық қызметкерлерінің жиналуымен «16 – желтоқсан Тәуелсіздік күні» мерекесі аталып өтті.



Мекеменің бас директоры Б.Мошқалов  құттықтап,  әнұран орындалды.



 

     Экологиялық ағарту маманы М.Маликова «Тәуелсіздік – Тұғырым» атты тақырыпта баяндама оқыды.


Тәуелсіздікке  жетер  жолдағы Желтоқсан оқиғасынан үзінді бейнебаян көрсетілді.

Қоғаммен байланыс жасау маманы Г.Тынказиева «Тәуелсіздік жолында» тақырыбында өлең шумақтарын оқыды.

 

 

       Өңірлік  парктің өз рәміздері тапсырысқа беріліп, дайындалып  болғандықтан, осы  мерекелік іс-шарада әр филиалға салтанатты түрде тапсырылды.



Бас директор «Әрқашан парктің аспанында күн жарқырай берсін» - деп мекеменің туы мен эмблемасын үш филиалға табыстады.

Боралдай филиалына салтанатты түрде табыс етілуде.

Түркістан филиалына салтанатты түрде табыс етілуде.

Сырдария филиалына салтанатты түрде табыс етілуде.

 


Және де мерекелік іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасын тапты.


       Мекеменің бірнеше қызметкерлері ОҚО агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлері кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» белгісімен марапатталды.



 

       «16 – желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай облысымыздың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында табиғи кешендерді қорғау, күзету

 


       және дамытуға қосқан жемісті еңбектері үшін» деген мәтінмен мекеменің Бас директоры  атынан   марапаттау қағаздарына бірнеше парк қызметкерлері ие болды.






       Мерекелік іс – шара соңында Төлеміс Елібек Хұдиярұлы барша жиналған қауымды «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесімен шын жүректен құттықтап, ақ батасын берді.