40 сағаттық оқу-семинар сабақтары өткізілді.

 

       Өңірлік паркке қарасты филиалдарда 40 сағаттық оқу-семинар сабақтары өтті. Семинар – сабақтар барысында ҚР ЕҚТА Заңы мен Орман кодексінің талаптары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің жаңа редакциясындағы өзгерістер, еңбек кодексіндегі еңбек қорғау мен техника қауіпсіздігі мәселелері пысықталды.



       Сырдария филиалындағы оқу – семинар сабақтары барысында.

       Түркістан филиалындағы оқу – семинар сабақтары барысында.

       Боралдай филиалындағы оқу – семинар сабақтары барысында.

       Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау, хаттамалары толтыру, қызметтік қаруды және арнаулы құралдарды сақтау, қолдану тәртіптері түсіндірілді.

 


       Орман шаруашылығын жүргізудің негіздері өрт қаупі маусымына дайындық шаралары туралы, жануарлар дүниесінің өсімін молайту мен пайдалану шаралары жөнінде толық мәліметтер берілді.




       Ғылыми жұмыстар бойынша «Табиғат жылнамасының» негізгі мақсаттары, міндеттері, фенологиялық бақылауларды жүргізудегі мемлекеттік инспекторлардың міндеттері, толтырылатын мәліметтер жиынтығы туралы, гербарий үлгілерін дұрыс жинаудың және омыртқасыздардың коллекцияларын жасақтаудың тәртіптері туралы жан-жақты түсіндірілді.




       40 сағаттық семинар – сабақтарға филиал директорлары, барлық санаттағы инженерлер, орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторлар қатысты.