Орман өртінің алдын алу, сүрек дайындау және жабайы аңдарды азықтандыру бойынша семинар-кеңес өтті.

       Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні бас мекемеге қарасты Сырдария филиалында семинар-кеңес өтті. Оған облыстық орманшаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Арыс қалалық №7 өрт сөндіру бөлімдері және бас мекеме мен филиалдардан барлығы 25 адам қатысты. Сонымен қатар, Арыс қаласының жергілікті АРТ ТV телеарнасы түсірілім жасады.
Семинар кеңестің күн тәртібінде төмендегідей өзекті мәселер қаралды:


- орман өртінің алдын алу, жедел өрт сөндіру әдіс-тәсілдерін үйрету және дайындық кезеңінде атқарылуы тиіс іс-шаралар;
         - сүрек дайындау, кеспе  ағаш аймақтарын бөлу, мөлшерлеу, кеспе ағаш орындарын куәландыру жұмыстарының орындалуы;
         - биотехникалық іс-шаралар бойынша жабайы аңдарды азықтандыру жұмыстарының жүргізілу тәртібі.
Семинар кеңесті, кеңес төрағасы Б.Баймұратов ашып, күн тәртібіндегі тыңдалатын мәселермен таныстырды. 

       Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Б.Баймұратов  ағымдағы жылы өрт қауіпті маусымның дайындық кезеңінде атқарылған және өрт қауіпті маусымда орындауға міндетті болып саналатын жұмыстармен таныстырды.

 

 

       ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2015 жылғы 26 қаңтардағы «2015 жылы орманды өрттен қорғау шаралары туралы» №2-ө санды бұйрығы негізінде өңірлік табиғи парктің ағымдағы жылы 27 қаңтардағы «2015 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерін өрттен қорғаудың іс-шаралары туралы» №9 нқ санды бұйрығымен ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде орман өрттерінің алдын алу және сапалы түрде өрт қауіпті маусымына дайындық мақсатында 2015 жылдың 10 ақпаны мен 20 наурыз аралығы өрт қауіпті маусымға дайындық кезеңі, ал 1 сәуір мен 1 қараша айларының аралығы өрт қауіпі бар маусым болып бекітілгенін атап өтті.
Арыс қалалық №7 ӨСБ-нің қарауыл бастығы Б.Бузгуманов орман өрті мен елді-мекендегі ғимараттар өртінің айырмашылығы үлкен екендігін айтты. Себебі, елді-мекен ішінде адам өміріне қауіп үлкен болғандықтан арнайы уақыт белгіленетінін, сондай-ақ өрт сөндіру тәсілдері де бөлек екенін айтты.

       Осыдан кейін, филиал теңгеріміндегі өрт сөндіру автокөлігінің жұмыс істеу тәсілімен өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі М.Исаев таныстырды. Сонымен қатар, су шашу әдістерін де жаттығу барысында көрсетті.
Ауа үрлегіш және су бүріккіш құралдарының жұмыс істеу тәсілдері таныстырылды.

 


       ОӨСС-ғы өрт сөндіру құрал саймандарының әр-қайсысының қандай жағдайларға қолданылатыны жөнінде таныстырылым жасалды.

Жаттығу барысы

ОӨСС-ның таныстырылымы

       Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Б.Баймұратов 2015 жылы отындық сүрек дайындау жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы №1287 санды қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босатудың жыл сайынғы мөлшерін белгілеу Ережесіне» сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы «Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өсіп тұрған сүректі босатудың 2015 жылға арналған көлемдерін бекіту туралы» №377 бұйрығы, Оңтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №01-08-02/532 санды хатына және Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2015 жылғы  26 қаңтардағы №1-ө санды бұйрығы негізінде өңірлік табиғи парктің «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі өсіп тұрған сүректі босатудың 2015 жылға арналған көлемдерін бекіту туралы» 2015 жылғы 27 қаңтардағы №8 нқ санды бұйрығымен Сырдария филиалында  төмендегіше ағаш кесуден сүрек дайындау көлемдері бекітілгенін айтты.


 Отындық сүрек дайындау жұмыстары бойынша баяндама  

Семинар кеңеске қатысушы филиал қызметкерлері
 


       Орман қорғау инженері И.Жарылгапов кесік жұмыстары жүргізілетін алаңда таныстырылым жасады, алдымен текшелеп жиналған 12 текше метр тораңғыл ағашын, содан кейін арнайы қойылған бағаналарды, кесуге жататын ағаштың кесу тәртібімен таныстырды.
Арнайы құрылған бригада құрамы кесуге жататын ағашты кесуді бастады, құлатылған ағашты бұталарынан тазартқан соң  отындық сүрек ретінде 2 метр шамасымен кесіктерге бөлді.
Осыдан кейін аумақтық инспекцияның бас маманы Х.Жорабаев кесік жүргізу тәртіптерімен таныстырды. Кесік басталмас бұрын осы алаңдағы барлық ағаштың белгілену керектігін атап өтті.



Орман қорғау инженері И.Жарылгапов кесу әдістерімен таныстыруда

Практикалық көрсетілім

Кеспеағаш аймағында пікір алмасу

Бас директор орынбасары Б.Баймұратов отындық сүректі дайындау әдістерін түсіндіруде

Аумақтық инспекцияның бас маманы Х.Жорабаев ағаш кесу тәсілдеріне пікір айтуда

       Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша бөлім бастығы Ж.Мұстафаев биотехникалық іс-шаралар түрлері мен мақсаттарына тоқталып өтті.
Атап айтқанда, шаруашылық алқаптарында ауланатын жануарлардың қоныстану тығыздығын жоғарылатуға бағытталған биотехникалық шаралар әр алуан олардың негізгілері мыналар:
1) Жануарлардың қорғаныс ұя салу, ін жасау жайын қамтамасыз ететін биотехникалық шаралар.
2) Мекендейтін жануарлардың  азықтандыруын жақсарту арқылы алқаптың қоректік жағдайын арттыратын биотехникалық шаралар:
3) Зиян келтіретін жыртқыштардың санын реттеу мақсатындағы биотехникалық шаралар: олар (қасқыр, шиебөрі, қаңғыбас иттер,)
4) Аңшылық шаруашылығындағы ауруларымен күресуге арналған биотехникалық шаралар:
5) Ауланатын жануарлардың будандасып көбеюін арттыру үшін популяцияның жыныстық және жастық құрылымын өзгертетін биотехниялық іс шаралар болып бес топқа бөлінетінін атап өтті.

 


       Қосымша қоректендіру жануарлардың жаппай қырылуынан сақтайды, түрлі аурулардан қорғайды, аңдардың қоныс аударуын тоқтатады, орман және ауылшаруашылық дақылдарын таптауын болдырмайды.
Осы мақсатта ағымдағы жылы алғаш рет өңірлік табиғи парк аумағында мекендейтін жабайы қабандарды қосымша азықтандыруға 2142,0 мың теңге қаралды.
Жабайы аңдарды азықтандыру дегеніміз – ауа-райы қолайсыз, қыс қатты кезеңде аңдарды қосымша қолдан азықтандыру болып табылады.
       Бүгінгі семинар барысында Байырқұм орманшылығының №21 орамында қабандарды азықтандыру тәсілдері таныстырылды.
Осы айналымның мемлекеттік инспекторы В.Кеммер өзінің айналымындағы қабандар жүретін жерге қазылған шұңқырға жүгері собықтарын жасырып, үстін томарбен бастырып қойғанын айтты. Түнде қабандар осы жерге келіп томарды аударып, шұңқырды қазып собықтарды тауып азықтанатынын айтты.



Қабандарды азықтандыру орны

Қабандарды азықтандыру орны


Қырғауылдарға жем-шашу


       Бас директор орынбасары Б.Баймұратов алдағы уақытта жабайы аңдарға қамқорлық барынша күшейетінін, іс-шаралар аясының кеңейетінін атап өтті.
Осылай күн тәртібіндегі барлық мәселе қаралған соң, қорытындыланды. Арнайы түзілген хаттама бойынша қаулы қабылданып, мерзімінде орындауға тиісті жұмыстар енгізілді.