Өңірлік паркте өрт қауіпті маусымға дайындық кезеңі қорытындыланды

       Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2015 жылғы 26 қаңтардағы «2015 жылы орманды өрттен қорғау шаралары туралы» №2-ө санды бұйрығы негізінде өңірлік табиғи парктің ағымдағы жылы 27 қаңтардағы «2015 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерін өрттен қорғаудың іс-шаралары туралы» №9 нқ санды бұйрығымен ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде орман өрттерінің алдын алу және сапалы түрде өрт қауіпті маусымына дайындық мақсатында 2015 жылдың 10 ақпаны мен 20 наурыз аралығы өрт қауіпті маусымға дайындық кезеңі, ал 1 сәуір мен 1 қараша айларының аралығы өрт қауіпі бар маусым болып бекітілген.


       Осы бұйрыққа сәйкес, Боралдай филиалының 2 ақпандағы №3 санды, Сырдария филиалының 29 қаңтардағы №4 санды және Түркістан филиалының 29 қаңтардағы №5 нқ «2015 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерін өрттен қорғау іс-шаралары туралы» бұйрықтары шығарылған.
       Бас мекемеде және оған қарасты филиалдарда өрт қауіпті маусымына дайындық кезеңінің іс-шара жоспарлары жасалып, бекітілген.  Осы іс-шаралар аясында төмендегідей жұмыстаратқарылды:
- өрттің алдын алу мақсатында «Өңірлік парктің ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша 2015 жылға арналған бірлескен өзара іс-қимыл әрекетінің жоспары» облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының және ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің басшаларымен келісіліп, бекітілді. Осы жоспардың негізінде Боралдай филиалы Бәйдібек ауданы аумағындағы, Сырдария филиалы Отырар, Сарыағаш, Шардара аудандары мен Арыс қаласы аумағындағы, Түркістан филиалы Отырар ауданы мен Түркістан қаласы аумағындағы төтенше жағдай комиссиясының төрағалары, ТЖ бөлімдері және өртке қарсы қызмет бөлімдерімен «Орман-тоғай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, орман өрттерін болдырмау, алдын алу және жою жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары» жасалынған;
- бас мекемеде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және облыстық төтенше жағдайлар департаментімен келісілген, ал филиалдарда жергілікті атқарушы органдар, ауыл, қала әкімшіліктері және аудандық, қалалық төтенше жағдайлар мекемелерімен дала, орман өрттерін сөндіруге өзара іс-әрекет жоспарлары жасалды;
- филиалдар бойынша индикативтік жоспарға сай өртке қарсы минералды жолақтарды жаңадан жасау және минералды жолақтарды күтіп-баптау, өртке қарсы жолдарды жөндеу, күзет бекеттерін орнату және аншлаг-паннолар орнату жұмыстарының карта-сызбалары дайындалды;
- өрт қауіпті маусымына дайындық кезеңінде филиалдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерімен шектесіп жатқан 43 елді-мекен мен 127 шаруа қожалықтарымен орман өрттерінің алдын-алу, бірлесіп сөндіру жөнінде келісім-шарттар жасалынды, алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасады;
- ауыл әкімшіліктерімен, жергілікті тұрғындармен және ауыл орта мектептерімен құрылған 103 ерікті өрт сөндіру командаларына 814 азамат жасақталды;
- Орман өрт сөндіру станцияларының (ары қарай - ОӨСС) команда құрамы туралы бұйрықтар шығарылды, осы бұйрықтар бойынша командалар құрамына 74 адам жасақталып, команда мүшелеріне техника қауіпсіздігінен нұсқамалар берілді;
- филиалдарда мемлекеттік инспекторларға өрт сөндіру жұмыстарын ұйымдастырудағы техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқама өткізіліп, арнайы журналдарға қолдары қойылған; 
- филиалдарда өрт сөндіру техникалары жүргізушілерінің, уақытша өрт сөндіру қарауылдарының тізбесі, телефондары және орналасу сызбасы жасалды;
- филиалдардағы ОӨСС-ғы орман өртіне қарсы техникалар жөндеуден өткізілген, сонымен қатар қажетті өрт сөндіру құралдарымен толықтырылған. ОӨСС-ның паспортары жаңартылды;

       - Боралдай филиалы 1 дана өрт бақылау мұнарасы және 3 дана дүрбілермен, Сырдария  филиалы 11 дана бақылау мұнаралары және 11 дана дүрбілермен,  Түркістан филиалы 10 дана өрт бақылау мұнаралары және 4 дана дүрбілермен жабдықталған;

- мемлекеттік инспекторлар күзет көліктерінің жай-күйіне келсек,  Боралдай филиалында 24 бас мініс ат және 7 дана мотоциклдермен, Сырдария филиалында 11 бас мініс ат және 7 дана мотоцикл көліктерімен және Түркістан филиалында 8 бас мініс ат пен 9 дана мотоциклдермен қамтамасыз етілген;
- Боралдай филиалында 18 дана, Сырдария филиалында 34 дана және Түркістан филиалы бойынша 24 дана радио байланыс құралдарының жай-күйі пысықталды;
- филиалдарда ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлеріне автокөлік тұратын уақытша тұрақтар, демалатын, от жағатын, темекі шегетін орындар және су алатын орындары белгіленіп, жаңарту жұмыстары жүргізілді;

- үгіт-насихат жұмыстары бойынша Боралдай филиалында 36 аншлаг-паннолар жаңартылды, баспасөзге 9 рет мақалалар жарияланды, Сырдария филиалында 89 дана аншлаг-паннолар жаңартылып, баспасөзге 6 рет мақала жарияланып, 2 рет жергілікті телеарнадан көрсетілім берілді. Сондай-ақ, Түркістан филиалы бойынша 48 дана аншлаг пен паннолар жаңартылып, газеттерге 11 рет мақалалар жарияланды;

Сонымен қатар, өңірлік парк бойынша жергілікті ауыл тұрғындарымен, мектептермен және ұжымдармен 71 рет лекциялар өткізіліп, баяндамалар оқылды, оған 773 тыңдаушы қатысты. Қатысушыларға және ЕҚТА жеріне келушілерге табиғатты қорғау, орманды өрттен сақтау жөнінде 2513 дана естеліктер мен үн-парақтар таратылды;
- өңірлік парк аумағының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауысуына және ҚР ӘҚБтК-нің өзгерісіне орай өртке қарсы үгіт-насихат парақшалары мен аншлаг-паннолардың жаңа үлгілері жасалды;
- Боралдай филиалының айналымдарындағы 15 дана, Сырдария филиалының айналымдарындағы 38 дана, Түркістан филиалында 27 дана өрт сөндіру қалқандары жаңартылып, құрал-саймандармен толықтырылды;

- бас мекеменің 05.03.2015 жылғы «Өрт қауіпті маусымында кезекшілік ұйымдастыру туралы» №18-ө санды бұйрығы негізінде филиалдарда да кезекшілік бекіту бұйрығы шығарылып, осы бойынша бас мекеме мен филиалдарда кезекшілік кестесі түзілді;
- филиалдардағы ОӨСС-да жанар-жағар май қорының жасақталуы Боралдай филиалында 400 литр дизельді отын, 400 литр АЙ-80 маркалы бензин, Сырдария филиалында 400 литр дизельді отын, 400 литр Ай-80 бензин және Түркістан филиалында 400 литр Ай-80 маркалы бензин және 400 литр дизельді отын қоры бөшкелерде сақталып қойылды;
- филиалдарда мемлекеттік инспекторларға айналымдарын жер бетінде күзету маршруттары бекітілді;
- бас мекемеде және филиалдарда 2015 жылға арналған орман өрттерін тіркеу журналдары арналып, жаңартылды;
- шөптесін өсімдіктерді бақылаулы өртеу жұмыстарының құжаттары мен карта-сызбалары негізінде Сырдария филиалында 60 шақырым және Түркістан филиалында 39 шақырым жерлерде жүргізу жоспарланып, бүгінгі таңға бұл жұмыстар толық аяқталды;
- филиалдарда  жергілікті әкімшіліктен ҚР «Өрт қауіпсіздігі» Заңының 8 бабына сай өртке қарсы іс-шараларға қосымша қаражат бөлу туралы аудан әкімдіктеріне хаттар жолданды;
- өңірлік парктің 10.02.2015 жылғы «Өңірлік табиғи парктің мемлекеттік инспекторларының білімін жетілдіруге 40 сағаттық оқу-семинар сабағын және техминимумын өткізу туралы» №13-ө бұйрығымен оқу-жоспарының бағдарламасы бекітіліп, семинар сабақтарын өткізудің оқу-жоспарына сай Боралдай филиалында 19.02-21.02.2015 жылы,  Түркістан филиалында 11.03-13.03.2015 жылы және Сырдария филиалында 16.03-18.03.2015 жылы бас мекеменің қызметкерлері оқу-семинар сабақтарын өткізді;


- ағымдағы жылдың 13 наурызында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Арыс қалалық №7 өрт сөндіру бөлімдері және өңірлік парктің бас мекемесі мен филиалдары мамандарының қатысуымен Сырдария филиалында кеңес өтіп, онда бірінші мәселе ретінде орман өртінің алдын алу, жедел өрт сөндіру әдіс-тәсілдерін үйрету және дайындық кезеңінде атқарылуы тиіс іс-шаралар қаралды;
- өрт қаупі бар маусымына дайындық кезеңі барысында бас мекеменің мамандары жоспардан тыс тексерулер жүргізіп, орын алған кемшіліктерді шұғыл жою жөнінде ұсыныстар берілді;

- өрт қаупі бар маусымға дайындық кезеңін қорытындылау мақсатында ағымдағы жылдың 27 наурызында бас мекемеде кезекті ғылыми-техникалық кеңес өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде қаралып,  филиалдардан алынған мәліметтер мен фотоальбомдар талданып, филиал басшыларының есебі тыңдалып, кемшіліктер атап өтіліп, ұсыныстар назарға алынды. Кеңес қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.