Мекеме филиалдары
Сырдария филиалы
Сырдария филиалының кенсесі Арыс қаласы, Ш.Кенжеханов көшесі №75 үйде орналасқан. Филиал аумағы - 47 526 га, Сырдария өзенінің екі жағалауы мен Арыс өзенінің төмеңгі ағысы кіреді. Солтүстік шекарасы Сырдария өзеніндегі Көксарай көпірмен шектессе, оңтүстік бөлігі Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің жеріне дейін созылып жатыр. Сырдария өзенінің 140 км, Арыс өзенінің 60 км кіреді. Сырдария филиалы 3 орманшылықтан және 29 айналымнан тұралы. Байырқұм орманшылығының аумағы 27 845 га, Арыс орманшылығы 6 691 га, Шардара орманшылығы 12 990 га. Сырдария филиалында Сырдария өзенінің бойында Қазақстанның Қызыл кітабына еңген әсем және жақсы сақталған Тораңғы мен жыңғыл ормандары кездеседі.
№ |
Лауазымы |
Бірлік |
1 |
Филиал директоры – аға мемлекеттік инспектор |
1 |
2 |
Филиалының директор орынбасары - бас орманшы мемлекеттік инспектор |
1 |
3 |
Есепші – кассир/кадровик/ |
1 |
4 |
Орман қорғау инженері-мемлекеттік инспекторы |
1 |
5 |
Аң қорғау инженері-мемлекеттік инспекторы |
1 |
6 |
Туризм маманы-мемлекеттік инспекторы |
1 |
7 |
ОӨСС шебері-мемлекеттік инспекторы |
1 |
8 |
Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау инженері |
1 |
9 |
Инженер-механик |
1 |
10 |
Аға орманшы |
3 |
11 |
Аға орманшы көмекші |
3 |
12 |
Орман шебері |
8 |
13 |
Мемлекеттік инспектор |
29 |
14 |
Көлік жүргізушілері |
2 |
15 |
ӨХС жүргізушісі |
2 |
16 |
Тракторист |
4 |
17 |
Жұмысшы, қарауыл |
9 |
18 |
Өрт сөндіруші |
6 |
19 |
Бұғышы |
1 |
20 |
Бұғышы көмекші |
2 |
21 |
Тұқымбақ жұмысшысы |
4 |
|
Барлығы |
82 |
Сырдария филиалының директоры - аға мемлекеттік инспектор
Исабаев Нурлан Шенгельбаевич 1966 жылы тамыз айының 20-шы жұлдызы күні Арыс қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Арыс қаласында Киров атындағы орта мектебінің табалдырығын аттап, осы аталған мектепті 1983 жылы бітірген.
1984 жылы Шымкент қаласындағы Қаз ХТИ институтына түсіп, 1985-1987 жылдар аралығында Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген.
1987 жылы осы аталған институтта оқуын жалғастырған. 1988 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық институтына ауысып, осы институтты 1992 жылы педагог мамандығын бітірген.
1992 жылы тамыз айының 20-шы жұлдызы күні Арыс қаласындағы жастар станциясының директоры болып тағайындалып, жұмыс атқарып, 1995 жылы Ордабасы аудандық ІІБ-не жұмысқа тағайындалды. Осы АІІБ-нен 2011 жылы қазан айының 18-ші жұлдызы күні зейнеткерлікке шыққан.
2012 жылы Арыс қаласындағы «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ-нің Сырдария филиалына өрт сөндіруші қызметіне орналасқан. 2016 жылы аң қорғау инженері-мемлекеттік инспекторы болып ауыстырылды. 2020 жылы директор орынбасары-мемлекеттік инспекторы болып ауыстырылды.2024 жылы тамыз айының 14-ші жұлдызы күні Сырдария филиалының директоры- аға мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалды.
Сырдария филиалының директор орынбасары - бас орманшы мемлекеттік инспектор
Кузенов Махсат Бөрібайұлы 1986 жылы желтоқсан айының 29-ші жұлдызы күні Арыс қаласында дүниеге келген. 1992 жылы С.Адамбеков атындағы орта мектебінің табалдырығын аттаған. 2003 жылы мектепті бітірген.
2003 жылы Қазақ-Түрік университетінің заң факультетіне түсіп, 2007 жылы Қазақ-Араб университетінен тәмамдаған.
2018 жылы Арыс қалалық білім бөлімінде жұмыс жасап, 2019 жылы Арыс қалалық жұмыспен қамту орталығында 1 жыл қызмет атқарып, 2020 жылы «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ-нің Сырдария филиалына өрт сөндіруші қызметіне қабылданып, 2021 жылдан бастап ОӨСС шебері лауазымына ауыстырылды.
2024 жылдың тамыз айынан бастап Сырдария филиалының директор орынбасары-мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалды.
Өрт қауіпті маусымына дайындық кезеңдері
Филиал аумағында атқарылып жатқан жұмыстар.
Сырдария өзенінің бойы, Тораңғыл орындарының көрінісі
Тұқымбақтағы жұмыстар
Сырдария филиалы
Филиал аумағы – 59 901 га, Сырдария өзенінің екі жағалауы мен Арыс өзенінің төменгі ағысы кіреді. Солтүстік шекерасы Сырдария өзеніндегі Көксарай көпірімен шектессе, оңтүстік бөлігі Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің жеріне дейін созылып жатыр. Сырдария өзенінің 140 км, Арыс өзеніннің 60 км кіреді. Сырдария филиалында, Сырдария өзенінің бойында Қазақстанның Қызыл кітабына енген әсем, жақсы сақталған Тораңғыл ормандары кездеседі.
Филиал аумағында атқарылып жатқан жұмыстар.
Сырдария өзенінің бойы, Тораңғыл ормандарының көрінісі.
Тұқымбақтағы жұмыстар
Өрт қаупті маусымға дайындық кезеңінде Арыс қалалық №7 өртін сөндіру бөлімі маманының қатысуымен өткізілген тактикалық оқу жаттығулар
Түркістан филиалы
Түркістан филиалының аумағы – 23 822 гектарды алып жатыр. Филиал аумағына Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік батыс бөлігіндегі Сырдария өзені бойындағы шөлді аймақтар кіреді. Филиал аумағы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа дейін 75 км-ге созылып жатыр. Солтүстігінде Қызылорда облысымен шектессе, ал оңтүстік бөлігі Сырдария өзеніндегі Көксарай көпіріне дейінгі аймақты алып жатыр. Түркістан филиалының тұқымбағында Бұхар бұғылары өсірілуде.
Филиал директоры - аға мемлекеттік инспектор
Полатов Нұржан Салыханұлы 1984 жылы 19 сәуірде ОҚО Сарыағаш ауданында қызметкерлер отбасында дүниеге келген.
1991-2001 ж.ж. Шымкент қаласы №26 гимназия мектебін үздік аттестатпен бітірген.
2001 жылы Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік заң академиясына түсіп, 2005 жылы Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітіріп, заңгер мамандығын алған. Сол жылы ОҚО Шымкент қаласының Әл-Фараби аудан прокурорының көмекшісі болып қызметін бастаған.
17.10.2005-03.09.2009 ж.ж. Әл-Фараби аудан прокурорының көмекшісі.
03.09.2009-16.01.2015 ж.ж. ОҚО прокуратурасының басқарма прокуроры.
16.01.2015-08.02.2016 ж.ж. ОҚО Төлеби ауданы прокурорының орынбасары.
08.02.2016-12.07.2017 ж.ж. ОҚО прокуратурасының басқармасының басқарма прокуроры.
2018 жылдың мамыр айынан бастап «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің Боралдай филиалы директоры лауазымына тағайындалды.
Қазіргі таңда шілде айынан бастап «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің Түркістан филиалы директоры лауазымына тағайындалды.
Түркістан филиалының директор орынбасары - бас орманшы мемлекеттік инспектор
Усеров Нурлыбек Дауренбекович 12.03.1962 жылы ОҚО Қызылқұм ауданы, Балтакөл ауылында дүниеге келген.
2007 жылы Алматы қаласы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне түсіп, 2011 жылы жеміс-жидек көкөніс шаруашылығы бакалавр мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1978-1982 жылдар аралығында Қызылқұм ауданы Балтакөл ауылында жұмысшы;
1982-1984 жылдар аралығында әскер қатарында болған;
1984-2014 жылдар аралығында Түркістан орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінде әр-түрлі лауазымда қызмет атқарған;
2014-2016 жылдар аралығында «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түркістан филиалының директоры;
2016-2018 жылдар аралығында «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түркістан филиалының аң қорғау инженері;
2019-2024 жылдар аралығында «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түркістан филиалына қарасты Қызылшаруа орманшылығының орманшысы мемлекеттік инспектор;
2024 жылдың сәуір айынана бастап «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түркістан филиалы директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Филиал аумағында атқарылып жатқан жұмыстар.
Үгіт – насихат жұмыстары жүргізілуде
Өрт қаупті маусымға дайындық кезеңінде өрт сөндіру машиналарын тексеру жұмыстары
Өрт қаупті маусымға дайындық кезеңінде жүргізіліп жатқан жұмыстар
Сырдария өзені бойындағы моторлы қайық
Боралдай филиалы
Боралдай филиалы – 36 255 гектарды қамтып жатыр. Бәйдібек ауданы Боралдайтау жотасында солтүстік бөлігінде орналасқан. Флорасы мен фаунасы өте бай. Сүтқоректілердің ішінен ең қызықтысы Қаратау архары мекен етеді. Боралдай филиалының аумағында 83 тұқымдастарға енетін 600-ге жуық жоғарғы түтікті өсімдіктер түрлері кездеседі. Оның 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Оларға: Грейг қызғалдағы (эндемик), Корольков шаяноты, Регель тарбақайы (эндемик), Пісте ағашы, Северцов әсиясы, Леман күшаласы, Колпаковский иридодиктиумы, Сиверс алмасы және т.б. Филиал аумағында сүтқоректілердің 46 түрі кезедесді. кемірушілер отряды-16, қолқанаттылар-14, жыртқыштар-10, жұптұяқтылар-3, жәндікқоректілер-2, қоянтәріздестер-1 түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 5 түрі Қазақстанның қызыл кітабына енген.
Филиал директоры - аға мемлекеттік инспектор
Досжанов Икрамхан 1962 жылы 1 қаңтарда Арыс қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1978 жылы Арыс қаласындағы С.М.Киров атындағы орта мектепті бітірген.
1978-1979 жылдар аралығында жұмысшы болып жұмыс атқарған.
1979-1983 жылдары Жамбыл қаласындағы тамақ және жеңіл өнеркәсіп институтында «Есеп-қисап» факультетінің «бухгалтерлік есеп және экономист» мамандығы бойынша білім алған.
2002-2003 жылдары Ұлттық аграрлық университетінің орман шаруашылығы мамандығын бітірген.
1983-1985 жылдары Совет Армиясы қатарында болған.
1985 – 1988 жылдары Арыс қаласындағы Задарья совхозында жұмысшы болған.
1988-1990 жылдары Арыс қаласындағы электр сетте бухгалтер қызметін атқарған.
1990 – 1991 жылдар аралығында Арыс орман шаруашылығының бас есепшісі болып қызмет атқарған.
1994 – 1999 жыл аралығында Арыс орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі қызметінде болған.
1999 – 2003 жыл аралығында Арыс орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директор қызметін атқарған.
2003 – 2010 жылдары ОҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бас маманы, инспектор болып қызмет атқарған.
2010 жылдан бастап аралығында Арыс орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде директор қызметінде болған.
2013 жылдан «Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи сабағы» КММ – нің Сырдария филиалында директордың міндетін уақытша атқарушы болып қызмет атқаруда.
Жанұялы, жолдасы Қоңырбаева Кенже Жарасбайқызы, 1964 жылы 3 тамызда Ташкент облысы, Алмалық қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді, Ташкент орыс әдебиеті институтын орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Арыс қаласындағы С.Қожанов атындағы орта мектепте шәкірттерге орыс тілі пәнінен сабақ береді. Екеуі 2 ұл 4 қыз тәрбиелеуде. Екі қызы медицина саласында жоғары білім алуда. Қалған ұлдары және қыздары мектеп қабырғасында.
Филиал директорының орынбасары - мемлекеттік инспектор
Қыдыралиев Дүйсенбек Мыңжасарұлы 1957 жылдың 20 желтоқсанында Бәйдібек ауданы Михайловка селосында дүниеге келген.
1976-1978 жылдары Ванновка гидромелиоративтік техникумында техник-механик мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолдарын 1979 жылы «Ачполиметалл» комбинатында 4 разрядты трактор жүргізушісі болып бастаған.
1979 – 1980 жылдары аралығында әскер қатарында болған
1981 – 1995 жылдары «Ачполиметалл» комбинатында 3 разрядты механик, өрт күзетшісі, механик, аға механик қызметтерін атқарған.
1998 жылы Боралдай орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне тұқымбақ қарауылы қызметіне қабылданды. 2001 жылы орман күтуші – қорықшы қызметіне ауыстырылды.
2013 – 2016 жылдары аралығында Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалында аң қорғау қызметін атқарды.
2016 жылдың желтоқсан айынан бастап өңірлік парктің Боралдай филиалының директор орынбасары қызметіне тағайындалды.
Отбасылы, 3 қыз, 1 ұлы бар.
Филиал аумағында атқарылып жатқан жұмыстар.
Тұқымбақтағы жұмыстар
Филиал аумағындағы тақтайшаларды жаңарту жұмыстары
Боралдай филиалының тауларында өсіп тұрған қызғалдақтар
Айналымның мемлекеттік инспекторлары құстарға ұя дайындауда.
Өрт қауіпті маусымында тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Филиал аумағында арнайы темекі шегетін орындар дайындалуда.
Мектеп қабырғаларындағы «Табиғатты қорғау» туралы лекциялар.
Жергілікті тұрғындар арасында үгіт-насихаттар жүргізілуде.
Бекеттерді жөндеу, әрлеу жұмыстары жүргізіліп тұрады.