Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметкерлері филиалдағы мемлекеттік инспекторлардың білімін жетілдірудің 40 сағаттық оқу-семинар сабақтарын өткізді
Өңірлік табиғи парктің 22 ақпандағы №18-ө бұйрығы негізінде мемлекеттік инспекторлардың ЕҚТА орман өрттерінен қорғау, орманды молайту шаралары және табиғи кешендерді қорғау, туризм, ғылым салаларында білімдерін жетілдіру мақсатында бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Б.Баймұратов, орман және өсімдіктер дүниесін қорғау бөлімінің меңгерушісі А.Қырықбаев, ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Е.Төлеміс, туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің меңгерушісі Н.Жұмағұлова, ЕҚТА күзету және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің меңгерушісі Қ.Оразымбетов және заңгер Н.Сатпаевтар ағымдағы жылдың 25-26 ақпан күндері Сырдария филиалында, 1-2 наурыз күндері Түркістан филиалында, 10 наурыз күндері Боралдай филиалында оқу-семинардың тақырыптық бағдарлама бойынша филиал директоры, филиал директорының орынбасары, барлық санаттағы инженерлері, орманшылар мен оның көмекшілері, орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторлардың қатысуларымен 40 сағаттық оқу-семинар сабақтарын өткізді.
· Оқу-семинар сабақтары барысында ҚР ЕҚТА Заңы мен Орман кодексінің талаптары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің жаңа редакциясындағы өзгерістер, Еңбек кодексіндегі еңбек қорғау мен техника қауіпсіздігі мәселелері пысықталды.
· Орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау, хаттамаларды толтыру, қызметтік қаруды және арнаулы құралдарды сақтау, қолдану тәртіптері түсіндірілді.
· Орман шаруашылығын жүргізудің негіздері өрт қаупі маусымына дайындық шаралары туралы, жануарлар дүниесінің өсімін молайту мен пайдалану шаралары жөнінде толық мәліметтер берілді.
· Туризм және өлкетану бойынша түсініктер қалыптастырылып, мектеп орманшылығының жүргізілу тәртіптері түсіндірілді.
· Ғылыми жұмыстар бойынша «Табиғат жылнамасының» негізгі мақсаттары, міндеттері, фенологиялық бақылау бақылауларды жүргізудегі мемлекеттік инспекторлардың міндеттері, толтырылатын мәліметтер жиынтығы туралы, гербарий үлгілерін дұрыс жинаудың және омыртқасыздардың коллекцияларын жасақтаудың тәртіптері туралы жан-жақты түсіндірілді.
Семинар кеңес бойынша хаттама жасалып, қаулы қабылданды, сондай-ақ фото түсірілімдер жасалды.
Сырдария филиалындағы оқу – семинар сабақтары барысында.
Түркістан филиалындағы оқу – семинар сабақтары барысында.
Боралдай филиалындағы оқу – семинар сабақтары барысында.