«Сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу» айлығы

2014-03-03-1«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – 2014 жылдың ақпан айында ауа райының аязды және қардың қалың болуына байланысты мемлекеттік орман қоры жерлерінде мекендейтін жануарлар дүниесінің жай күйіне бақылау жұмыстарын ұйымдастыруды және сирек кездесетін, құрып кету қауіпі төмен түрлерінің жағдайына айрықша назар аударып, оларды қорғау мақсатында «Сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу» айлығын жариялаған болатын.
Іс – шара жоспарына сәйкес өңірлік табиғи парк аумағында 52 рет рейд жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ Сырдария филиалында 30 рет, Түркістан филалында 15 рет, Боралдай филиалында 7 рет.


Жүргізілген рейдтер барсында жалпы орман тәртібін бұзу туралы 17 оқиға анықталып, 90,8 мың теңге айыппұл салынып, олардан 9,3 мың теңге өндірілді.

 

 

shem

 

Орман қоры жерімен шектесетін ауыл және елді-мекендегі тұрғындар арасында заңсыз ағаш кеспеу және аң ауламау туралы экологиялық ағартушылық жұмыстары жүргізілді.

 

2014-03-03-2

2014-03-03-3

2014-03-03-4