Парк аумағына кіру ақылы болды.
Парк аумағына кіру ақылы болды.
Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 7 тармақшасына және 38 бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2014 жылғы 4 тамыздағы №84-Ө санды бұйрығымен «Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтері үшін тарифтер мөлшері бекітілді.
Осыған сәйкес, туристік соқпақтар, демалу алаңқайлары мен аймақтарына кіру құны 200 теңге болып бекітілді. Оған қоса Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №12/105-V санды шешімімен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды рекреациялық мақсаттарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары 0,1 айлық есептік көрсеткішімен белгіленді, яғни 185 теңге. Осыған сәйкес аумаққа кіру күні тәулігіне адам басына 385 теңге болып бекітілді.
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтің 15 түрі бекітіліп, қолданысқа енгізілді:
№ р/с |
Қызмет атаулары |
Тарифтер, теңге |
1 |
Туристік соқпақтар тамашалау алаңдары, демалу алаңқайлары мен аймақтарына кіру (+0,1 АЕК (185 теңге) ОҚО мәслихатының 28.03.2013 жылғы №12/105-V санды шешімі ). |
385 |
2 |
Көлік тұрақтары |
100 |
3 |
Демалушыларға арналған қонақ үйлер. |
4000 |
4 |
Пайдалануға берілуі: |
500 |
5 |
Мемлекеттік табиғи-қорық қоры және тарихи-мәдени мұраны, өңірлік парк аумағында және нысандарында болған немесе зерделеген кезде экскурсоводтар, жолсеріктер, аудармашылар қызметтерін ұсыну: |
1200 |
6 |
Өңірлік табиғи паркі жері, табиғи және тарихи-мәдени мұра |
Шартқа сәйкес |
7 |
Пайдалануға берілген аумақтар мен объектлерді санитарлық тазарту және абаттандыру жөнінде, сондай-ақ өзге де ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде қызметтер |
25 |
8 |
Қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін; парк аумағында туристерді тамақтандыруға, сауда жасауға берілетін алаңшалар |
100 |
9 |
Көліктерді жалға беру арқылы қызмет көрсету, оның ішінде: |
2000 |
10 |
Отындық ағаштарды беру |
200 |
11 |
Табиғи қорықтық қордың нысандарын сақтау және қалпына келтірумен байланысты емес ғылыми зерттеулерді өңірлік парктің аумағында жүргізу |
Шартқа сәйкес |
12 |
Жеке және заңды тұлғалармен туристік, рекрациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнім өндіруден және қызмет көрсетуден алынған табыстар. |
Шартқа сәйкес |
13 |
Тапчандар, беседкалар (қызметсіз) |
3000 |
14 |
Монша (баня-сауна) |
2000 |
15 |
Жеке және заңды тұлғаларға балық аулаға көрсетілетін қызмет |
100 |
Сондай-ақ парк әкімшілігі тарапынан аумаққа кіру мектеп жасына дейінгі балаларға тегін, мектеп оқушыларына 50пайыз және күндізгі бөлім студенттеріне 25 пайыз жеңілдіктер қарастырылған.
Мекеменің Сырдария, Түркістан, Боралдай филиадарында Бақылау-өткізу бекеттері орналастырылды.
№ |
Филиал атауы |
Бақылау-өткізу бекетінің атауы |
Орналасқан жері |
1 |
Сырдария |
Байырқұм
Тақыркөл |
Арыс-Шардара тас жолынан 70 шақырым қашықтықтағы Байырқұм көпірінің сол жағасы |
2 |
Түркістан |
Қызылшаруа
Шәуілдір |
Түркістан қаласынан 37 шақырым қашықтықтағы Түркістан – Балтакөл тас жолы бойындағы Балтакөл көпіріне жетпей жолдың сол жағасы |
3 |
Боралдай |
Теректі
Байқалмақ |
Бәйдібек ауданы, Бәйдібек ата ауылынан шығысқа қарай, яғни Қосана кесенесіне қарай 3 шақырым қашықтықта |
Филиал мамандары тарапынан Түркістан, Арыс қалалары және Бәйдібек, Отырар аудандарына жақын орналасқан елдімекен тұрғындары арасында бекітілген тарифтерді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.