Қаратау қорығындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция!
Ағымдағы жылдың сәуір айының 25-26 күндері Қаратау қорығының 10 жылдығына орайластырылған «Қаратау қорығының биоалуантүрлігін сақтау және олардың тұрақты дамуының перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.
Өңірлік парк қызметкерлерінен Бас директор Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлы, Бас директордың орынбасары Аскаров Мүбәшірхан Әбдірашұлы, ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің бастығы Төлеміс Елібек Хұдиярұы, Туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің бастығы Жұмағұлова Насихат Нұрмаханқызы барып, Ғылыми өндірістік конференцияның жұмыстарына қатысып, ондағы баяндамаларды талқылауға ат салыса катысып қайтты.
Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің бастығы Төлеміс Елібек Хұдиярұлы Паркте атқарылып жатқан толықтай жұмыстары жайында, ғылыми зерттеулер және туризм, рекреация, экологиялық ағарту жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Және де сол жерде Қаратау арқарының миграциялық жолдарына тоқталып кетті.
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысы Отаршиев Мұхит Баймұханбетұлы Қаратау қорығына деген өз тілектерін білдірді.