Қысқы туризм де дамитын болады.
Өңірлік табиғи парктің аумағында Қаратау өңірінің тауалды жазықтары мен аласа таулардың дамыған ландшафтары, басқа өңірлердегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аз қамтылған өзгеше флорасымен, өсімдіктер қауымдастығымен және биіктік белдеулермен сипатталады.
Қазіргі таңда экологиялық соқпақ бойларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Парк аумағында экологиялық туризмді дамыту және туристерге қонақ үй ретінде ұсыну мақсатында жылжымалы 6 адамдық вагон-үй орналастырылды.
Вагон үй жылытылған, 6 адамға арналған кереуетпен және шағын ас үйге арналған жабдықтармен жабдықталған.
Туристер мен демалушылардың демалуына және қону мүмкіндігін ұсыну үшін, этнографиялық ауылдың қазығы ретінде алты қанатты киіз үй орнатылды.
Өңірлік табиғи парк аумағында тек жаз мезгілінде ғана емес, қыс айларында да демалуға мүмкіндіктер қарастырылған.
Қар көлігімен (снегоходпен) Қос Тұра тауларының әсем табиғатын тамашалауға, мініс аттарымен Шұқыршақ тік арнасын жолсерік-мемлекеттік инспектормен бірге серуендеуге болады.
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өңірлік табиғи паркі аумағында көрсететін қызметтері үшін бекітілген тарифтер бойынша қар көлігінің(снегоход) 1 сағат ішінде аралап жүріп өту, жанар – жағар майымен 4000 теңгені құрайды.