№7 «Шардара су қоймасы маңы – Байырқұм көпірі» экскурсиялық-танымдық маршруты

tour 7 1

 

Маршруттың жіктемесі:автокөлікпен

 

Негізгі географиялық пунктердің атауы:
Шардара су қоймасы – координаттары (N 42°13,574;  Е 067°57,229)
Байырқұм көпірі –  координаттары ( N 42°13, 226;  Е 068°15,063)

 

Маршруттың жұмыс істеу мерзімі: мамыр-қыркүйек

 

Маршрут арқылы экскурсия ұйымдастырушысынсыз жүріп өту мүмкіндігі: тек қана экскурсия ұйымдастырушыныңалып жүруімен шығу.
        Өзіңізбен бірге не алу керек:

  • суға, тасқа төзімді аяқ киім;
  • күнге қарсы көзілдірік;
  • жеке дәрілер қорапшасы;
  • шомылуға қажетті заттар.

 

Маршруттағы күрделі  учаскелердің қысқаша сипаттамасы:
Өзен жағалауында табиғатты тамашалап, суретке түсу барысында қауіпсіздікті сақтау қажет.

 

Ықтимал дүлей құбылыстар мен олар орын алған жағдайда топтың іс-қимылы:
Жаңбыр жауып, Сырдария өзені арнасынан жайылған жағдайда өзен маңына жақын бармау. Жақын елді-мекенде жауынның басылғанын күту.
Маршрутта жүріп-тұрудың ерекше ережелері:

  • табиғи нысандар мен аншлагтарға залал келтіруге тиым салынады;
  • маршрутты ластамаңыз, мүмкіндігінше барлық кездескен (өзіңдікі, өзгенікі болса да) қоқысты жиып кетіңіз. Бұл үшін сізге табиғат ана рахмет айтады;
  • өзенге ештеңе лақтырмаңыз. Ол жақтың да өз тіршілігі бар, олардың еркін дамуына мүмкіндік беріңіз;
  • маршрут барысында немесе аялдау кезеңінде кездейсоқ айқайлап, ысқырып және т.б. дауыс шығарудың қажеті жоқ, себебі, тыныш болсаңыз, көп естисіз, көп көресіз;
  • өзіңізге естелік ретінде фотосуретке  түсіріп, әрдайым алған әсеріңізді басқалармен бөлісіп жүріңіз. Бұл табиғат ананың Сізге берген ең маңызды сыйы.


Маршрутты жүріп өту жоспары:

 


Маршрут учаскелері

Ұзақтығы, км

Қозғалыс уақыты

Аялдау уақыты

Тамашалау алаңының, суретке түсіру пунктерінің №

бастап

дейін

1

Шардара су қоймасы

Ұзыната әулие ауылы

36

50 мин

30мин 1аялдама

Ұзыната мазаратына зиярат жасау

2

Ұзыната әулие ауылы

Байырқұм көпірі

64

1 сағ.     20 мин

 

Сырдария өзенінің жағалауында суретке түсу

 

Барлығы

 

90

2, 10 сағ

30 минут

 

 

Маршруттың сызбасы, шартты белгілері:

 

tour 7 2

 

Маршруттың қысқаша сипаттамасы. Маршрут бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы:
Маршрутымыз Шымкент қаласынан 225 шақырым қашықтықта орын тепкен Шардара су қоймасы маңынанtour 7 3 бастау алады. Тоғай ормандарының өзіне тән ерекше экожүйесімен танысамыз. Жол бойында өсімдік әлемінен жиде, шеңгел, жантақ, тораңғылды көптеп кездестіруге болады. Аң-құстарды да көруге мүмкіндік бар. Атап айтсақ, жабай үйрек пен қаздар, шағала, бірқазан, тырналар қөқтем мен күзде Сырдария өзенінің сәнін келтіреді. Қарсақ, мәлін, сарышұнақ, ондатра және т.б. жануарлардың таптырмас мекені. Кербездене ағып жатқан Сырдария өзенінің таң шуағмен шағылысып, кешкі күн батардағы қызыл түске енуі де таң тамаша қалдырады. Жалпы маршруттың барлық бөлігі қатқыл жолдан(асьфальт) тұрады. Маршрут басынан, яғни Шардара су қоймасы маңынан 36 шақырымдай жүргенде Ұзыната әулие, бұрыңғы Комсомол ауылына келіп жетеміз. Ауыл ақсақалдарымен өңірдің тарихы жайлы біраз мағлұмат алуға мүмкіндік бар. Бұл өңірде Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың қазақ жеріне ең алғаш Ислам дінін таратқан жақын көмекшілерінің бірі болған Ұзын атаның мазары орналасқан. Ұзын ата мазары тарихи маңызы бар архитектуралық ескершкіш. Мазар порталды-күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Күйдірілген шаршы пішіндес tour 7 4кірпіштен қаланған. Күмбезі 8 қырлы барабанға орналастырылған. Мазардың шығыс бөлігінде жоғары шығатын баспалдақ, ал батыс бөлігінде шағын бөлме бар. Кіре берісі П әрпі тәріздес болып көркемделіп, есіктің үсті сүйірленіп келген аркамен әшекейленген. Порталдың төменгі жағында араб харіпімен 778 х. жылы (1377) қайтыс болған Дүрманның ұлы Шермұхаммед Халім жерленгені жайлы жазылған. Мазардың ортасында ұзын 5 м болатын сағана (қабіртас) жатыр.Ел есіндегі аңыздарда бойының ұзын, үлкен болғандығы, аяқтарының қабірге сыймай, өсіп шыға бергені, содан осындай ұзын қабірдің салынғандығы айтылады.  
Мұнда кішігірім демалып, азықтанған соң, қызыққа толы маршрутымызды жалғастырамыз. Шамамен 15 шақырым жүргенде Қазақстан, бұрыңғы Целинное ауылына аялдаймыз. Ауылдың бір сәт тыныс тіршілігін көзбен көріп, аңыздарға құлақ түріп, жарты сағаттай тынығамыз. Осыдан кейін, ары қарай ортағасырлық қала орны Сүткент  орналасқан Сүткент аулына жетеміз. Сүткент – Сырдариядан 2 км жерде, Қаракөл сайында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 800 м, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 900 м аумақты алып жатыр. Оны қоршаған ені 4 – 6 м, биіктігі 1 м-ге жуық дуалдың бойында орнатылған 30 мұнараның орындары сақталған, дуалды сыртынан қоршай
tour 7 5 қазылған 
ордың тереңдігі 1 – 1,5 м, ені 8 – 10 м. Қалашықтың шығыс шетінде су жинайтын үлкен тоғанның орны бар. Оның өлшемі 100 ÷ 350 м, тереңдігі 1 м. Су Сырдариядан арнайы қазылған арық арқылы әкелінген. Цитаделдің орны қалашықтың солтүстік-батыс шетінде. Оның өлшемі 150÷150 м, биіктігі 7 – 8 м. Цитаделді қоршаған қорғаныс қабырғасы мен мұнаралардың орындары сақталған. Оларды сыртынан терең ор бөліп жатыр. Қалашықтың шығыс шетінде қала маңындағы жеке иеліктердің қираған орындары байқалады.
Сүткент ауылынан 30 шақырым жол жүріп Жиделі ауылынданы Мұңлық Зарлық мазарларына жетеміз. Мұңлық пен Зарлық бұрынғы заманда өмір сүрген Шаншар деген ханның балалары болған. Ханның 60 әйелі болса да  бір перзентке зар болыпты. Бір күні Шанхар хан түс көреді. Түсінде бір ұл, бір қызды болады. Түсін сәуегейге жорытып, сол маңдағы балықшының 15 жасар қызы Ханшайымды өзіне жар етіп алады. Көп ұзамай Ханшайым жүкті болады. Ай күні жетіп босанар шағында Шаншар ханның 60 әйелі көре алмай мыстан кемпірге 60 алтын беріп, Мұңлық пен Зарлықтың көзін құрт дейді. Жаңадан туылған балалардың орнына екі күшік салып, балаларды өзенге ағызып жібереді. Өзенде ағып жатқан балаларды киік құтқарып алады. Мұңлық пен Зарлық бір тауды паналап өмір сүреді. Ханшайымның бала орнына күшік босанғанына ыза болған хан Ханшайымды дарға асуға бұйрық береді. Ханшайымды 3 рет дарға асады, үшеуінде де арқан үзіліп кетеді. Болмаған соң хан
tour 7 6Ханшайымды екі күшігімен қайтпас аралға апарып тастайды. Күндердің күнінде аң аулап жүрген  патша тастан тасқа секіріп, аң қуалап жүрген алтын айдарлы бозбаланың өзінің ұлы Зарлық екенін, өзеннің жағасында шашын тарап тұрған алтын шашты бойжеткеннің өзінің қызы Мұңлық екенін біліп ордасына алып келеді. Келгенде 60 әйелдің жауыздығын біліп хан оларды жазалайды. Қайтпас аралдан Ханшайымды әкеліп, Шаншар хан мен ханшайым және Мұңлық Зарлық бақытты өмір сүріпті.

Одан әрі он бір шақырымға жуық жол жүре отырып, Байырқұм көпіріне  жетеміз. Байырқұм — ежелгі қала орны. Сырдарияның сол жақ жағалауында орналасқан. Қаланың орны тік бұрышты биік алаңға ұқсас. Аумағы солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 300 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 400 м, биіктігі 1,5 м-ге жуық. Ол биіктігі 3 м-ге жуық үйме топырақпен қоршалған. Оңтүстік-шығыстағы қабырғаның орта тұсында тік бұрышты 5 мұнараның қалдығы сақталған. Қаланың сырты тереңдігі 2 м, ені 20 м ормен қоршалған. Алаңның ортасына таман цитадель орналасқан. Ол биіктігі 9 м тік бұрышты төбе. Оның іргесінің аумағы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 80 м.Қамалдың шет-шетінде 8 мұнараның қалдығы бар, биіктігі 1 м үйме топырақпен және ені 10 м-ге жуық ормен қоршалған. Оның солтүстік-батыс және шығыс жағында сухауызының орны анық көрінеді. Жиналған археология материалдарға қарағанда, қала б.з.б. 1 ғасыр мен б.з. 8 ғасыр аралығында болған.
Көпір    маңында Сырдария    өзені жағалауында  де-малыс    алаңша-сында   маршру-тымыздың     қы-зықты сәттерін еске ала отырып, ұзақ        жолдың демін     басамыз. Мұнда тапшан-дар, орындықтар арнайы от жаға-тын орындар мен беседкалар орна-ласқан. Бұл жердің  көрінісі  ұмытылмас әсер қалдырады. Күнделікті күйбең тіршілікті   бір  сәт ұмытып,  тамылжыған  табиғатпен     сырласқандай боласың. Естелікке фотосуретке түсіп,   шаңқылдаған   шағала үніне елтіп, өзенде    анда-санда    сайран қуып    секірген балықтарды бақылауға болады. Ендеше Сыр бойының көркі Сырдариямен бірге  тыныстайық!

 

DSCF2391DSCF2396

DSCF2397