«Парктер шеруі – 2022» экоакциясының мәліметі

2022 жылдың 20 сәуір күні Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің 2022 жылға бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Түркістан қаласында орналасқан «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» аумағында «Парктер шеруі -2022» табиғат қорғау акциясының ашылуы өтті. «Парктер шеруінің» ашылуы қоғамның назарын табиғатты аялауға аударту мақсатында парк тынысын көрсететін фотосуреттер А3 форматындағы ПВХ материалында 50 данасы арнайы шығарылып, қала қонақтары мен тұрғындарға ұсынылды.

Фотокөрмеге өңірлік табиғи парктің әсем табиғаты, Бұхар бұғылары мен қырғауылдың, өзен-көлдері және Қызыл кітапқа енген қызғалдақтардың суреттерін қойылды. Өңірлік табиғи паркінің табиғаты қалын бұқараға таныстырылып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға шақыру мақтасында 800 ден аса үнпарақша таратылып, табиғатты аялау туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Жер бетінен жойылуға қаупі бар өсімдіктер мен жан-жануарларды қорғау – әр адамзаттың міндеті. Осыған орай, өңірлік парктегі экологиялық туризмді дамытуда да маңызды. «Парктер шеруі – 2022» табиғатты қорғау экоакциясы аясында жалпы бес іс-шара өткізілді. Фотокөрме соның бірі.

07.07.22-1

07.07.22-1

07.07.22-1

07.07.22-1