«Су айдындарын тазарту» іс-шарасы

2022 жылдың 23 сәуір күні өңірлік парк аумағын қоқыстан тазарту, экологиялық аймақтардың тазалығын сақтау, су айдындарын тазалау мақсатында ұйымдастырылған экосенбілікке Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының 40 еріктісі мен мемлекеттік инспекторлар қатысуымен "Су айдындарын тазарту" экосенбілігі жүргізілді. Экосенбілік Оранғай елді мекенінде, Қарашық өзенінің жағалауында өткізілді. Басты мақсат қоқыс жинау емес, мақсат табиғатты аялауға шақыру.

Мекеме тарапынан еріктілер арнайы 2 көлік, автобус және қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде жалпы көлемі 3 текше метр қоқыс жиналып, қоқыс полигонына жөнелтілді. Оранғай ауылының әкімшілігі қызметкерлері де табиғаттың тазалығы үшін барын салып, сенбілікке қатысты.

Экосенбілік нәтижесінде, елді-мекен тұрғындарына тұрмыстық қалдықтарын арнайы қоқыс жәшіктеріне апарып тастау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қоқыстың табиғатқа залалы туралы жазылған 215 дана үнпарақша таратылды.

07.07.22-5

07.07.22-5

07.07.22-5