«Құстар біздің досымыз» табиғат қорғау акциясын ұйымдастыру

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің ұйымдастырумен «Парктер шеруі – 2022» экоакциясы аясында М.Қазбеков атындағы №77 жалпы орта мектептің 6 сынып оқушыларымен «Құстар – біздің досымыз» тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайысқа екі мектеп орманшылығының үйірмешілері қатысты.


Экологиялық сайыстың мақсаты - балаларды  өңірлік парк аумағында мекендейтін құстардың фотокөрмелерімен таныстыру, құстарды күтіп-баптауға, аялауға, оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу болатын. Құстар туралы білімдері  толықтырылып, балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін жетілдіруге басты назар бөлінді.
Мектеп орманшылары құстар туралы көптеген мағлұматтар алып, білімдерін кеңейтті. Жас табиғат қорғаушылары аң-құстардың, табиғаттың әсем бейнелерін асфальтқа сурет етіп салды. Оқушылар сурет салумен ғана емес, жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы интеллектуалды сайыста білімдерін шыңдады. «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің қызметкерлері көктем жаршысы, адамзаттың досы болған құстарды аялауға, оларға қамқоршы болуға шақырды.

07.07.22-9

07.07.22-9

07.07.22-9

07.07.22-9

Нәтижесінде, оқушылар интеллектуалды сайыс барысында Құстар-біздің досымыз екендігін білді. Жалпы құстардың пайдасы туралы мағлұматтар алды. Жас табиғатшыларға үйірме мақсаты мен адами міндеті құстарды аялап, баптау екені түсіндіріліді. Құстарға әрқашан қамқорлық жасау. Орманымызды, көлімізді қорғасақ, құстардың да мекені, тіршілігі көбейеді. Қанатты құстарды қорғай білу, балапандарына тимей, тіршілік етуіне мүмкіндік жасау, «Құстар - біздің досымыз» екенін естерінен шығармау керектігін үйренді.
Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, оқушылар сыйлықтармен марапатталды. «Қыран» тобының мектеп орманшылары І орынды иеленсе, «Сұңқар» тобы ІІ орын алды. Мектеп орманшыларын сайысқа дайындаған жетекшілерге ТРЭА бөлімінің меңгерушісі К.Карибаев мекеме атынан алғыс хаттарды табыстады.

ТРЭА бөлімінің меңгерушісі                                        К.Карибаев