Орман өрттерін сөндіру саласындағы білім деңгейін және кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқу-жаттығу
- Толығырақ
- Құрылды 15.02.2024 06:59
ҚР Экология және табиғи ресурстар министірлігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бірлесіп, «Малик Ғабдуллин» атындағы азаматтық қорғау академиясының оқу орталықтары базасында 2024 жылғы қаңтар-наурыз айларында мемлекеттік орман күзеті, орман өрт станциясы қызметкерлерін және табиғат қорғау, орман мекемелері қызметкерлерін, авиациялық-өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерін оқыту, білім беру бағдарламасы орман өрттерін сөндіру саласындағы білім деңгейін және кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқу-жаттығу өтуде.
Аталған оқу-жаттығу сабақтарына, кәсіби деңгейлерін арттыруға Cырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі мекемесінің 8 қызметкері қатысуда.



