«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11.05.2018 жылы өткізілген орман, дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі тактикалық оқу-жаттығу іс-шарасы

Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 05.05.2018 жылғы №27-05-06/1580 санды хатымен ағымдағы жылдың 11 мамыр күні сағат 11-00 де Жасыл аймақ коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты 252 га орман қоры жерінің маңында (Ордабасы ауданы Қайнар ауылына баратын тас жолдың бойында) «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ-сі орман, дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі тактикалық оқу-жаттығу іс-шарасын өткізілді.

Толығырақ...

Өңірлік табиғи парк аймағындағы мәдени-табиғи мұралармен таныстыру тақырыбында Мирас университетінде дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың мамыр айының 2-ші жұлдызы күні «Мирас» университетінде, химия және биология кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген «Болашаққа бағдар : Үштілде білім берудің рухани жаңғыруы!» атты «Химия және биология» кафендасының ұйымдастыруымен өткізген апталыққаҒылым,ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парк аймағының экологиялық жүйесінің биологиялық әртүрлілігі, табиғи кешендерінің ерекшелігі, мәдени-табиғи мұраларын таныстыру тақырыбында» студенттерге баяндама жасады.

Толығырақ...

«Қызғалдақтар күні» қызғалдақтарды қорғау акциясы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылатын іс-шалар жоспарына сәйкес «Қызғалдақтар күні» фестивалі ағымдағы жылдың 20 сәуір күні Бәйдібек ауданы, Бәйдібек ата ауылы, Теректі демалыс аймағында өтті.

Толығырақ...

Мирас университетінің студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді

Ағымдағы жылдың сәуір айының 13-ші жұлдызы күні Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері өңірлік табиғи парктің бас мекемесінде «Мирас» университетінің биология мамандығы бойынша бірінші курс студенттеріне Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парктің құрылымы туралы таныстыру жұмыстарын жүргізді.

Толығырақ...

Халықаралық ғылыми-көпшілік журналында ғылыми мақала жарық көрді

Қазақстанның ғылымы мен өмірі. Халықаралық ғылыми-көпшілік журналының №1/2(55)2018 санды нөмерінде Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі И.Жарылқапов және кіші ғылыми қызметкер Н.Төре «Изучение фауны полужестококрылых (Heteroptera) и использование полученных материалов в учебном процессе» тақырыбында мақала шығарды.

Толығырақ...

«Парктер шеруі-2018» табиғат қорғау акциясы ашылды

Ағымдағы жылдың сәуір айының 6 күні Түркістан филиалы, Түркістан қаласы, Ораңғай ауылдық округі, Құсшы Ата елді-мекені, М.Қазыбеков атындағы қазақ орта мектебінде «Парктер шеруі - 2018» табиғат қорғау акциясының ашылуы өтті.

Толығырақ...

«Парктер шеруі – 2018» табиғат қорғау акциясы аясында 1 сәуір – Халықаралық құстар күніне арналған «ORNIS-2018» атты облыстық жас орнитологтар сайысы

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Экологиялық орталық» МКҚК, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ұйымдастыруымен 1 сәуір – Халықаралық құстар күніне арналған «ORNIS-2018» атты облыстық жас орнитологтар сайысы Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағында өтті.

Толығырақ...

«Тал күні» облыстық ағаш-бұта көшеттерін отырғызу күні

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-і «Тал күні» облыстық ағаш-бұта көшеттерін отырғызу күні қарсаңында бас мекеменің интродукциялық ботаникалық учаскесіне 23 дана, оның ішінде магнолия, писарда өрігі, жапон айвасы, гортензия, сакура, аққайың, декоративті тұт ағашы, ирелең қарағаш, альбиция, багрянник, хилокатальпа, адамово ағашы, испандық дрок, юка, пузиреплодник, барбарис, үнді сирені, бульденеж, буддлея және гибискус секілді ағаш-бұта көшеттері арнайы қазылған шұңқырларға отырғызылды, іс-шараға жалпы 14 адам қатысты.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 26 ақпан мен 7 наурыз аралығында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «Туған жер»

Ағымдағы жылдың 26 ақпан мен 7 наурыз аралығында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «Туған жер» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Экологиялық орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын мен «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» ұйымдастыруымен мектеп экоклубтарының аймақтық фестивалі өтті.

Толығырақ...

Өңірлік табиғи паркте мемлекеттік инспекторлардың білімін жетілдірудің 40 сағаттық оқу-семинар сабақтары өткізілді

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің 2018 жылғы 23 ақпандағы «Өңірлік табиғи парктің мемлекеттік инспекторларының білімін жетілдіру мақсатында 40 сағаттық оқу-семинар сабағын және техминимумын өткізу туралы» №19-н/қ бұйрығы негізінде ағымдағы жылдың 27-28 ақпан күндері Сырдария филиалы, 1-2 наурыз күндері Түркістан филиалы және 03 наурыз күндері Боралдай филиалының мемлекеттік инспекторларына ЕҚТА жерлерін орман өрттерінен қорғау, орманды молайту шаралары және табиғи кешендерді қорғау, туризм, ғылым салаларында білімдерін жетілдіру мақсатында оқу-семинар сабақтары өткізілді.

Толығырақ...