28 Апрель 2017

Өңірлік парктің аумағында өсіп тұрған өсімдіктер флорасы бойынша далалық зерттеу жұмыстары жүргізілуде

Ағымдағы жылдың сәуір  айының 24-27 күндері аралығында Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлерімен  бірлесіп тәжірибе алмасу мақсатында , өсімдіктер  флорасы бойынша далалық зерттеу жұмыстарын  жүргізуге және  ерте гүлдеп жатқан, өсімдіктердің гербариін жинау, мақсатында Боралдай филиалына бас мекеменің қызметкерлері барды. Теректі шатқалы  №2-ші айналым 46 орамда Қысмоласай  шатқалына бардық. Орналасқан жерді GPS приборы арқылы координаттары алынды. Шатқалдың кей жерлерінде әлі де қар жатыр, қарқың еріген жерлерінен алатау бәйшешегі гүлдеп тұр, Кауфман қызғалдағының қауымдастығы тіркелді бір шаршы метрде шамамаен 12-15 дана. Кауфман қызғалдағының ерекше қызыл түсті экземпляды суретке түсіріліп, гербарийге алынды.

Читать далее
Китайские телефоны и все для них