№5 Аяқ Сүңгі өзені - Аяқ Сүңгі шатқалы экскурсиялық-танымдық соқпағы

tour 5 1

 

Соқпақтың атауы:

Аяқ Сүңгі өзені - Аяқ Сүңгі шатқалы

 

Соқпақтың жіктемесі:жаяу, атпен және автокөлікпен

 

Негізгі географиялық пунктердің атауы:
Орманшы қызметтік үйі –  координаттары (N 42°57,871, Е 070°02,842)
Аяқ Сүңгі өзенінің бастауы – координаттары (N 43°08,865; Е 070°07,145)

 

Соқпақтың жұмыс істеу мерзімі: сәуір-қыркүйек

 

Соқпақ арқылы экскурсия ұйымдастырушысынсыз жүріп өту мүмкіндігі: тек қана экскурсия ұйымдастырушысының алып жүруімен шығу.
Өзіңізбен бірге не алу керек:

  • суға, тасқа төзімді аяқ киім;
  • күнге қарсы көзілдірік;
  • жеке дәрілер қорапшасы.

 

Соқпақтағы күрделі учаскелерінің қысқаша сипаттамасы:
Аяқ Сүңгі өзенінен өту кезінде қауіпсіздікті сақтау қажет, жалпы соқпақты жүріп өту барысында тастарды абайлап өту керек.

 

Ықтимал дүлей құбылыстар мен олар орын алған жағдайда топтың іс-қимылы:
Күн күркіреп жаңбыр жауғанда ағашты паналау немесе шатыр тігіп, сонда күту.

 

Соқпақта жүріп-тұрудың ерекше ережелері:

    • табиғи нысандар мен аншлагтарға залал келтіруге тиым салынады;
    • соқпақты ластамаңыз, мүмкіндігінше барлық кездескен (өзіңдікі, өзгенікі болса да) қоқысты жиып кетіңіз. Бұл үшін сізге табиғат ана рахмет айтады;
    • өзенге ештеңе лақтырмаңыз. Ол жақтың да өз тіршілігі бар, олардың еркін дамуына мүмкіндік беріңіз;
    • ағаштар мен бұталарды сындырмаңыз, сізге кедері болған жағдайда да;
    • ағаштар мен тастарға жазу жазбаңыз, өзіңізден кейін ат жазып,таңба жасап, естелік қалдырудың керегі жоқ;
    • жануарлар кездессе қорқытудың қажеті жоқ. Есте сақтаңыз, сіз олардың қорғалу аймағындасыз;
    • соқпақ барысында немесе аялдау кезеңінде кездейсоқ айқайлап, ысқырып және т.б. дауыс шығарудың қажеті жоқ, себебі, тыныш болсаңыз, көп естисіз, көп көресіз;
    • сүрлеуден шетке шықпаңыз, табиғаттың тепе-теңдігін бұзасыз.
    • өсімдіктерді жұлмаңыз, оларда өссін, жетілсін. Сізден кейін келетіндер де олармен таныссын;
    • өзіңізге естелік ретінде фотосуретке  түсіріп, әрдайым алған әсеріңізді басқалармен бөлісіп жүріңіз. Бұл табиғат ананың Сізге берген ең маңызды сыйы.

 

Соқпақпен жүріп өту жоспары:


Соқпақ учаскелері

Ұзақтығы, км

Қозғалыс уақыты, сағат

Аялдау уақыты

Тамашалау алаңының, суретке түсіру пунктерінің №

бастап

дейін

1

Бақылау өткізу пункті

№ 1 демалыс алаңшасы

4,1

1,7

30 мин 1аялдама

Аяқ Сүңгі өзенінің жағалауы

2

№ 1 демалыс алаңшасы

 №2 демалыс алаңшасы

4,5

1,8

30 мин 2аялдама

 

3

 №2 демалыс алаңшасы

Аяқ Сүңгі өзенінің бастауы

3,9

1,5

 

 

 

Барлығы

 

12,5

5

1 сағат

 

 

Соқпақтың сызбасы, шартты белгілер:

 

tour 5 2

 

Соқпақтың қысқаша сипаттамасы. Соқпақ бойындағы және тамашалау (шолу) алаңдарындағы қарап-көру объектілерінің қысқаша сипаттамасы:
Ақтас ауылынан соқпақ басталар бақылау-өткізу пунктіне дейін 5,4 шақырымды құрайды. Аталған
tour 5 6 пунктен басталатын соқпақтың жалпы ұзындығы 12,5 шақырым. Туристік соқпақты автокөлікпен, жаяу және атпен жүруге болады. Аяқ Сүңгі өзенін бойлай отырып, жануарлар мен өсімдіктердің сан алуан түрімен танысуға мүмкіндік бар. Атап айтсақ, жануарлар мен құстар әлемінен қасқыр, елік, түлкі, борсық, қаршыға, жабайы үйрек, қара торғай, қарлығаш, бәбісек және т.б. Әсіресе бұл аймақ дәрілік өсімдіктерге өте бай, атап айтар болсақ, киікоты, түймедағы,
tour 5 7шай шөп, қырықтамыр, қызыл долана және жалбызды көптеп кездестіруге болады. Сонымен қатар, мамыр айында Аяқ Сүңгі шатқалының беткейлері Қазақстанның Қызыл кітабына енген грейг қызғалдағымен көмкеріледі. Жалпы бұл шатқал өзінің ландшафтарының ерекшелігімен көз тартады. Өзеннің жағалауындағы алаңшаларда тынығып, тербелген
 ағаштардың сыбдыры мен тау өзенінің гүрілі және көкектің әсем үніне елітіп, бір сәт қарбалас тіршіліктен арылуға зор мүмкіншілік бар. Аяқ Сүңгі өзенің аңғарымен 4,1 шақырым жүрген соң алғашқы демалыс алаңшасында жарты сағаттай тыныққан соң, осы өзен бойымен тағы 4,5 шақырым жүре отырып екінші демалыс алаңшасына жетеміз. Осында тынығып, естелікке суретке түскен соң, Аяқ Сүңгі шатқалының бас жағына,
tour 5 8 яғни бұлақ басталар тұсына қарай жол тартамыз. Жалпы өзеннің екі жағын таулар қоршап жатыр, ал өзен бұлақтан құралғандықтан, жаздың шіліңгір ыстығында да салқын болып тұрады. Аяқ Сүңгі өзені сай-салада ағып жатқан бұлақтардан жиналып, үлкен өзенге айналады. Бұлақтың бастауы тастар мен әртүрлі емдік шөптер өсіп тұрған жерлерден шыққандықтан емдік қасиеті бар.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IMG 4137IMG 4145

IMG 4146