Жаңа жылдың жаңа жетістіктері!
Сырдария жайылмасы мен Боралдай тауларындағы және Сырдария мен Арыс өзендерінің жайылмаларындағы кездесетін флорасы мен фаунасын зерттеулердің негізінде өңірлік табиғи парктің аумағындағы өсімдіктің түрлері, омыртқасыздықтардың түрлері, жабайы аң құстар мен балықтардың түрлері туралы және де туристік маршруттардың анықтамалықтары шығарылды.
Өсімдіктер туралы, олардың 90 түрінінің суреттері, тізбесі, жалпы оның ішінде Қызыл кітапқа енген түрлері мен қай жерлерде кездесетіндігі, ағаштар мен бұталардың түрлері, шөптесін өсімдіктер жөніндегі мәліметтер мен суреттері келтірілген.
Ал омыртқасыздар туралы анықтамалықта, өңірлік парктің соңғы екі жылда анықталған Сырдария мен Арыс өзендерінің аумағында омыртқасыз жануарлардың негізгі түрлері, олардың суреттері мен атаулары, қай аумақтарда кездесетіндігі туралы мәліметтер берілген.
Сол сияқты ғылым, ақпарат және мониторинг және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және жануарлар дүниесін қорғау бөлімдері бірлесіп, өңірлік парк аумағында мекендейтін жабайы аң-құстардың 80 түрінің, балықтардың 32 түрінің суреттері, атаулары және кездесетін аумағы, оның ішінде Қызыл кітап енген түрлері туралы мәліметтер берілген.
Бұл кітапшада өңірлік табиғи паркінің аумағындағы туристік маршруттар мен соқпақтар туралы, парк аумағындағы және іргелес жатқан тарихи мәдени ескерткіштер туралы көруге болады.
Барлық анықтамалықтар баспаханаға тапсырыс беріліп, басылып шығарылды. Және де бұл анықтамалықтар өңірлік парктің мамандары мен және парк жөніндегі зерттеулермен айналысатын магистранттарға, студенттерге көмекші құралдар болып табылады.