Қаңтар 2015
27 Қаңтар 2015
Өңірлік парктің қызметкерлері құрмет грамоталары, сертификаттары, алғыс хаттарымен марапатталуы
- Подробности статьи
13 Қаңтар 2015
Фаунасы
- Подробности статьи
ФАУНА МЕН ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ
Түркістан және Сырдария филиалы
Балықтар тобы.
Қазақстанда кездесетін балықтың 104 түрі болса, соның 40 түрі Сырдария өзенінде кездеседі. Оның ішінде 4 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген: Тасбекіре – Pseudoscaphirhynchus fedtschenkoi, Шортан тәрізді ақмарқа – Aspiolucius esocinus, Қаяз (аралдық) – Barbus brachycephalus, Қаяз (түркістандық) – Barbus capito.
Бағалы кәсіптік балықтардан ақ амур, ақмарқа, аралдық қаяз, табан, сазан, дөңмаңдай балық, жайын, және кәдімгі көксерке кездеседі.
![]() |
![]() |
Тасбекіре – Pseudoscaphirhynchus fedtschenkoi | Шортан тәрізді ақмарқа – Aspiolucius esocinus |
|
|
Қаяз (түркістандық) – Barbus capito | Қаяз (аралдық) – Barbus brachycephalus |
Қосмекенділер тобы - Amphibia
Республика аумағында қосмекенділердің 12 түрі кездесетін болса, оның 3 түрі парк аумағында кездеседі. Оның бір түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген: Данатин бақасы – Bufo danatensis.
Даната құрбақасы(Bufo danatensіs), құйрықсыздар отрядықұрбақалартұқымдасына жатады. Дене тұрқы56 – 67 мм, салмағы16 – 30 г. Түсі қоңыр жасыл.Жасыл құрбақаданерекшелігі – дене мөлшері кіші, денесі мен аяқтарында теңбіл дақтары көп. Даната құрбақасыбиологиялықтаксонретінде ғылымға1978жылдан белгілі.Түрікменстанныңоңтүстік-батысында орналасқан Кюрендаг тауындағы Данатабұлағынан табылған, аты соған байланысты қойылған. ҚазақстандаОңтүстік Қазақстан,Алматы,Шығыс Қазақстан облыстарыныңсуқоймаларында таралған. Таулы, шөлді жерлерде тіршілік етуге бейімделген. Сәуірдің аяғында2,0 – 4,5 мыңуылдырықшашады, олар 3 тәуліктен соң, итшабаққа айналады. Қорегі:құмырсқа, шөп қандалалары, ызылдақ қоңыздар жәнежұлдызқұрттар.Қазақстандағы таралу аймағы толық анықталмаған, сан мөлшері белгісіз. Қорғауға алынып,Қазақстанның «Қызыл кітабына»енгізілген.
Данатинская жаба
Бауырымен жорғалаушылар тобы - Reptilia.
Қазақстан аумағында бауырымен жорғалаушылардың 49 түрі кездессе оның 29 түрі парк аумағында тіршілік етеді. Оның 2 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Олар: Сұр келес–(Varanus griseus) және Сары жылан–(Ophisaurus apodus).
![]() |
![]() |
Сұр келес–(Varanus griseus) | Сары жылан–(Ophisaurus apodus) |
![]() |
|
Ортаазиялық тасбақа |
Ортаазиялық тасбақа Қазақстан шөлдеріндегі тасбақалар отрядының жалғыз өкілі. Аналығының ұзындығы 20см, салмағы 2,5кг, аталықтары кішілеу. Сүйекті сауыты қауіп төнген кезде басы мен аяқтарын жинап жасырынуға ыңғайлы. Ол құрлық тасбақаларын жыртқыштардан жақсы қорғайды. Бірақ кейбір қырандар тасбақаны биіктен тасқа лақтырып , сауытын жаруға машықтанған. Сауыты қатпаған кезде , жас құрлық тасбақаларын қарғалар да шоқып тастайды. Жағындағы мүйізді қаптары өсімдіктермен қоректенуге мүмкіндік береді. Құрлық тасбақалары не бары 3-4 ай, наурыздың соңынан маусымның соңына дейін, көбіне күндіз белсенді, қалған уақыттарында құмға 2м тереңдікке дейін көміледі де, ұйқыға кетеді. Сәуірде шағылысады. Аналығы сәуір-мамыр айлары аралығында екі рет 1-4 жұмыртқасын жердегі шұңқырларға салады. Олар көбіне құстар мен жыртқыштардың қорегіне айналады, сондықтан шөлде тасбақа жұмыртқасының қабығын көптеп кездестіруге болады. Жұмыртқаны жарып шыққан жас тасбақалар өз бетінше тіршілік етеді
Құстар тобы - Aves.
Қазақстан аумағында құстардың 488 түрі мекендесе, оның 54(11,4 %) түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Парк аумағында құстардың 309 түрі кездессе, оның 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Аңшылық құстардың 53 түрі кездеседі.оның ішінен 14 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген және бұл құстар аңшылық құстарына жатпайды. Парк аумағында мекендейтін құстардың 261 – жыл құстары,14 – ұшып келгендері, 75-қыстап қалатын құстар, 155-ұя салатын құстар, 33 түрі отырықшы құстар.
![]() |
![]() |
Қызғылт бірқазан | Бұйра бірқазан |
|
|
Қара дегелек | Кәдімгі қоқиқаз |
|
|
Балықшы тұйғын | Жыланжегіш қыран |
|
|
Бүркіт | Ителгі |
|
|
Лашын | Тырна |
|
|
Ақтырна | Безгелдек |
|
|
Қоңыр кептер | Үкі |
Сүтқоректілер тобы.
Парк аумағында сүтқоректілердің 56 түрі мекендейді, ал республика аумағында 179 түрі кездеседі. Парк аумағында тіршілік ететін сүтқоректілердің 7 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген Олар: Ақбауыр жарқанат – Otonycteris hemprichi. Кең құлақты жарқанат (Tardarida teniotis), Тас сусары (Martes foina), Тоғай бұғасы (Cervus elaphus bactrianus) Үнді жайрасы (Hystrix indica), Каратау архары (Ovis ammon nigrimontana) Шұбар күзені (Vormela peregusna). Сүтқоректілердің 56 түрінің 17 түрі аңшылық нысаны болып табылады: ақбауыр жарқанат, кең құлақты жарқанат, шұбар күзен, сабаншы, қарақұйрық, тоғай бұғысы. Осылардың ішінен 5 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Сүтқоректілердің санына қарай 3 топқа бөлуге болады: бірінші топқа саны көп түрі 8, екішші топқа саны орташа, орташа -32 түрі, үшінші топқа – сирек 16 түрі жатады. Өмір сүру деңгейіне байланысты 3 топқа бөлуге болады: жыл бойына белсенді – 33 түрі, қыс ұйқысына кететін – 23 түрі, өсіртенетін немесе көшіп қонатын – 14 түрі.
![]() |
![]() |
Бұхар бұғысы | Қарақұйрық |
![]() |
![]() |
Үндіжайрасы | Сабаншы |
![]() |
![]() |
Шұбар күзен | Кең құлақты жарқанат |
![]() |
|
Ақ бауыр жарқанат |
Боралдай филиалы
Ихтиофауна. Қаратау өңірінің өзендері жаз мезгілінде құрғап қалады. Мұнда 2 түрлі балық тірнішік етеді: кәдімгі маринка - Schizothorax intermedius Me Clelland и серый голец - Noemacheilus dorsalis (Kessler).
Амфибия. Қазақстанда кездесетін қосмекенділердің 12 түрінің тек үшеуі ғана кездеседі: жасыл құрбақа (Bufo viridis), көлбақа (Rana ridibunda) және Певцов құрбақасы (Bufo pewzowi). Бір түрі - Певцов құрбақасы - Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Көлбақа
Фауна рептилий отличается сравнительно большим разнообразием. Из ящериц представлен серый геккон - Mediodactylus (ранее Cyrlopodion) russowii, пустынный гологлаз - AbJepharus deserti и быстрая ящурка - Eremias velox. Змеи (Ophidia, или Serpentes) представлены следующими видами: узорчатый полоз - Elaphe dione, разноцветный полоз - Hemorrhois (ранее Coluber) ravergieri, водяной уж - Natrix tessellata, обыкновенный щитомордник (или Щитомордник Палласа) - Gloydim (ранее Agkislrodon) halys и восточная степная гадюка - Vipera renardi (ранее Vipera ursinii). Среднеазиатская черепаха (Agrionemys horsfieldi) обитает в нижнем поясе гор.
Из обитающих в регионе проектируемого регионального парка рептилий, в Красную книгу включен 1 вид - желтопузик (Ophisaurus apodus). К ценным ресурсным видам относится среднеазиатская черепаха.
Орнитофауна. хр.Боралдай представляет собой вариант комплекса птиц, населяющих западный Тянь-Шань. Предположительно, здесь может быть отмечено до 75 видов птиц (Губин, Карпов, 2000). В том числе для 35 - 40 видов вероятно гнездование.
Құрқылтайдың ұясы
Құстардың 309 түрі тіркелген, оның ішінде 40 түрі Қызыл кітапқа енгізілген құстардың 15 түрі индикаторлық түрлерге жатқызылған.
Боралдай филиалында сирек мекендейтін сүтқоректілер, Қызыл кітапқа енген 5 түрі (2010 жыл)бар
Тас сусары (лат. Martes foina) — жыртқыштаротряды, сусар тұқымдасына жататын жануар. Үлпілдек жүнді, жылтыр, қара қоңыр түсті. Төсі ақ, бірден көзге түседі. Дене тұрқы 39-50 см, құйрығының Ұзындығы 23-29 см, салм. 1,5 кг. Қорегі — тышқан тәрізді кемірушілер, ұсақ құстар, жазда — жәндіктер. Қыста жеміс-жидектермен қоректенеді. Қорегін түнде, кейде күндіз аулайды. Маусымшілдеде ұйығады. 236-275 күннен кейін 2-5 соқыр, саңырау шақалық туады. Олар 30-36 күннен кейін көзін ашады және естиді. Жыныстық жағынан 1516 айда жетіледі. Терісі өте бағалы. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген (1996)
Үнді жайрасы (лат. Hystrix indica) - сирек, таралу аймағы тарылып, саны азайып жатқан кеміргіш. Оңтүстік Қаратауы мен Шу-Іле тауларында таралған. Тау бөктерлерінің тілімделген учаскелері мен аласа тауларды, сол сияқты биіктігі теңіз деңгейінен 2000 м - ге жететін тауларда мекендейді. Қазақстанда саны аз; санының азаюынының негізгі себептері - қалың қар, топырақ бетінің терең қатуы, адам баласының шектен тыс шаруашылық қызметі. Алматы хайуанаттар паркінде 1982және 1983 жылдары өсіп-өнді. Таралуы мен сан мөлшерін анықтау қажет
Ақбауыр жарқанат (лат. Otonycteris hemprichii) - қолқанаттылар отрядының жалтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасына жатады. Денесі ірі, тұрқы 66 – 82 мм, қол сүйегінің ұзындығы 59 – 66 мм, арқасы құм түстес, бауыры ақшыл болады. Құлақ қалқаны жалпақ әрі өте ұзын, үшкір келеді. Ұясын жартастарға және тұрғын үйлердің қабырғаларындағы жарықтар мен қуыстарға салады. Көктем мен жазда еркектері жеке-жеке, ұрғашылары топталып тіршілік етеді. Жемтігін күн бата аулайды. Көбіне жемтігін жер бетінен 2 – 3 м биіктікте ұшып жүріп ұстайды. Негізінен қоңыздармен, инеліктермен және көбелектермен қоректенеді. Жылына бір рет көбейеді. Маусымның басында көбіне ұрғашысы 2 жарқанат табады. Сирек кездесетін түр, Қазақстанда таралу аймағының терістіктегі ең шеткішекарасы өтеді. Тасты, сазды жарларды мекендейді. Республикада екі жерде – Сырдария Қаратауының баысындағы Ақ-мешіт үңгірі мен Үстірттің батыс жағындағы Қарамая тауынан табылған. Қаратауда аса терең емес тасты жарларды мекендейді. Ақбауыр жарқанаттың тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Саны мөн оған әсер ететін факторлар белгісіз. Үстірт қорығында қорғалады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Кеңқұлақты жарқанат (лат. Tadarida teniotis) -сүтқоректілер класы, қолқанаттылар отрядының иттұмсықты жарқанаттар тұқымдасына жатады. Оңтүстік Еуропа мен Солтүстік Африкадан бастап, Оңт.-шығыс Қытай мен Жапонияға дейінгі аралықта тараған. Қазақстанда 3 жерден: Піскем өз-нің бойынан, Шақпақ асуынан және Қаратаудағы Ақмешіт әулие үңгірінен табылған. Таулы жерлердегі үңгірлерді мекендейді. Топтанып тіршілік етеді. Кеңқұлақты жарқанат – Қазақстанда кездесетін жарқанаттардың ішіндегі ең ірісі: дене тұрқы 81 – 92 мм, қар сүйегінің ұзындығы 57 – 63 мм. Құлақ қалқаны жалпақ, кең. Әуеде өте шапшаң ұшады. Түрлі түн жәндіктерімен қоректенеді. Жылына бір рет көбейіп, бір жарқанат туады. Кеңқұлақты жарқанат тың тіршілігінің көп жағы ғылымға әлі беймәлім. Өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1996).
Арқар (лат. Ovis ammon) – жұптұяқтылар қатарының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң; тау арқары туысының сүтқоректі жануары. Дене ұзындығы 110-120 см, шоқтығының биіктігі 65-125 см. Аталықтарының мүйізі 67-190 см, түбірінің жуандығы 22-50 см салмағы 30 кг. Ұрғашыларының кейде қысқа мүйізі болады. Таралуы: Жерорта теңізі аралдары алдыңғы орта орталық солтүстік шығыс Азияда. ТМД кеңістігінде арқардың 10-нан астам түршесі таралған. Олар бір-бірінен көлемі салмағы мүйізінің пішіні мен құрылысы т.б. ерекшеліктерімен ажыратылады. Кейде арқарды бірнеше түрге бөледі: Еуропалық муфлон(О. musimon) үстірт арқары (О. orientalis); Олардың хромосом құрамы әртүрлі (2n=54-56-58) бірақ олардың будандары тұқым береді. Кейде арқарға тек 2n=56 жаткызады. Саны азаюда. 7 түршесі ХТҚО -(1) және КСРО (7) Қызыл кітаптарына енгізілген. Арқар үй қойларымен будандастыруға пайдаланған. Соның әтижесінде биязы жүнді тау мериносы мен арқармеринос қой тұқымдары шығарылған.
Қазақстанныңтаулы жерлерін (Жоңғар Алатауын, Тарбағатайды, Алтайды, Сарыарқаны, Қаратауды, Қызылқұм шөлін) мекендейді. Республикада арқардың 6 түрі бар:
Қаратау арқары
Соның ішінде:
Қаратауарқары Боралдай филиалында
- кездеседі. Дене тұрқы 160-168 см, шоқтығының биіктігі 105-112 см, салмағы 200 кг-ға жетеді. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай қарай аударады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Негізінен, көде, бидайық, қоңырбас, бетеге, қияқ,күйреуік, жусанмен қоректенеді. Жайылуға жазда таңертеңгілік пен кешкілікте, қыста күндіз шығады. Арқар 2.5 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Қазан-қарашада күйлеп, 6 айдан соң аналығы, көбіне, жалқы қозықа табады. Арқар табиғи жағдайда 12-14 жыл тіршілік етеді. Арқар - биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. Осы ерекшелігі ескеріліп, Қазақстанда арқар менмеринос қойды будандастыру арқылы қойдың ет пен жүнді мол беретін жаңа тұқымы – қазақы арқар-меринос қойы өсіріліп шығарылды. Республикада қойдың жаңа тұқымдарын одан әрі жақсарту үшін будандастыру жұмысына үлкен мән берілген. Арқар бағалы кәсіптік аң болғандықтан, оны аулауға тыйым салынған.
Бір топ қаратау архары
Жабайы шошқа, қабан, доңыз (лат. Sus scrofa) –сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жануар. Боралдай және Түркістан филиал аумақтарында кездеседі. Ұшында жұп тұяғы бар, аяғы мықты, екеуі жақсы жетілген төрт саусағы болады. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі кішкентай, танауы таңқы. Денесін қалың қылшық басқан. Аталығының арқасында жалы болады. Жыныстық жағынан 18 – 20 айда жетіледі. Күйлеуге түсуі тамыздың ортасынанжелтоқсанға дейін созылады. Аналығы (мегежіні) 4 – 10 торай туады. Тістері көп, бұдырлы. Қарыны жіктелмеген, күйіс қайтармайды. Қорек таңдамайтын жануар, топырақты қазып құрт-құмырсқа, өсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақ тышқандармен қоректенеді. Доңыз – кәсіптік маңызы бар аң, еті, терісі, қылшығы пайдаланылады. Орта есеппен әр Доңыз 50 кг ет, 10 кг май, 250 дм2 тері және 0,5 кг қылшық береді
Борсық (лат. Meles meles) — сусар тұқымдастарына жататын жыртқыш айуан. Боралдай филиал аумағында көптеп кездеседі. Көбінесе шөпті және оның тамыры мен тұқымын, майда жәндіктерді жеп қоректенеді. Көктемде құстарды, олардың балапандарын жейді, кейде қозының да құйрығын сорады. Борсық ін қазады, ұрғашысы қыстың аяғында 2—6 күшік табады. Терісінен ішік, қылшығынан щетка жасауға болады; халық арасында оның майын көксау ауруға даруға береді, оны басқа да қажеттерге жұмсайды. Етін де жеуге болады.
Борсық — сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш аң.
Читать далее
ФЛОРАСЫ
- Подробности статьи
ФЛОРА МЕН ӨСІМДІКТЕР ҚАУЫМЫ
Боралдай жотасының өсімдіктер қауымы Батыс Тяньдық типке жататын белдеулерге сәйкес оның беткейлерінде таралады. Бұл белдеудің типі Талас жотасасының солтүстік үлкен беткейінің батыс бөлігінде, сол сияқты оның үлкен оңтүстік беткейі мен Қаржантау, Өгем, Піскем және Шатқал жоталарында бар.
Боралдай филиалы
Өсімдіктер әлемінің жалпы талдауы
Боралдай филиалының өсімдіктер әлемі 83 тұқымдастан тұратын жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктердің шамамен 600 түрлерін қамтиды, бұл Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл әкімшілік облыстарының 400 шақырымдай шектерінде созылып жатқан ірі Қаратау жотасының барлық өсімдіктер әлемінің 35 пайызын құрайды. Сондықтан жотаның жалпы ауданының салыстырмалы түрде репрезентативтік болып табылады.
Ерекше қорғауды қажет ететін өсімдіктер әлемінің сирек түрі.
Боралдай филиалының аумағында 114 сирек түрлер бар, бұл жалпы анықталған өсімдіктер әлемі құрамының 19 пайызын құрайды және Қаратау үшін жасалған сирек өсімдіктердің жалпы тізімінің 50 пайызы деуге болады. Бұл аумақта анықталған сирек түрлер 81 туысқа және 32 тұқымдасқа жатады.
Өсімдіктердің сирек топтарынан жетекшісі болып Қазақстанның Қызыл кітабына енгендер. Қазіргі таңда өңірлік табиғи парктің шекара шегінде сирек өсімдіктерден анықталғаны 40 түр.
Түркістан және Сырдария филиалдары
Флоралық әртүрлілігі
Сырдария өзенінің жайылмасы мен атырауында 181 туысқа және 52 тұқымдасқа жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің 282 түрі тіркелген.Анықталған түрлерінің саны бойынша ең көп тұқымдастар: алабұталар – 18 %, күрделігүлділер – 16 %, астық тұқымдастар – 12 %, бұршақтұқымдастар – 6 %, крестгүлділер – 4 %, тарандар – 3 %, басқа тұқымдастар (сарғалдақтар, талдар, калампырлар, шатыршагүлділер, қияқөлеңдер, алқалар, айлаулықтар, алагүлділер, құлқайырлар, шырмауықтар, елекшөптер, бақажапырақтар және т.б.) жалпы түрлердің санының 2 – 03 %.
Өңірлік парк аумағында 5 эндемикалық түрлер бар.
Ephedra lomatolepis, Eryngium karatavicum, Prangos equisetoides, Saussurea robusta
![]() |
![]() |
1. Calligonum plicatum | 2. Eryngium karatavicum |
![]() |
![]() |
3. Prangos equisetoides | 4. Prangos equisetoides |
![]() |
|
5. Saussurea robusta |
Қызыл кітапқа енген сирек түрлерден ылғал сүйгіш ормандардың реліктісі – тораңғылды, сол сияқты ареалы және қысқартып азайған Қазақстан қоғажайын атап өтуге болады. Олардың өсетін жерлерін ерекше қорғауга алу қажет.
![]() |
|
Populus pruinosa |
Scirpus kazachstanicus |
Түрлердің таралуыда тұзға шыдамдылығы жетекші фактор болып табылады. Тұз сүйетін түрлер 34 %. Алабұталар тұқымдасы ең сор сүйгіш болып отыр. Өсімдіктер әлемі құм өсімдіктеріне (псаммофиттер) бай (10 %). Құм сүйгіш өсімдіктер түрлерінің саны көбі – тарандар мен алабұталар тұқымдастарына жатады.
Су айдындарының атырауындағы өсімдіктер әлемі өте кедей және жоғары сатыдағы өсімдіктердің 13 түрі ғана бар (Typhaceae, Potamogetonaceae, Zosteraceae, Zannicheliaceae, Najadaceae, Cyperaceae).
Арал теңізіндегі судың тұздануы 26-40 %-ға көтерілуіне байланысты макрофиттердің барлық түрлері өзінің молшылығын қатты қысқартты және өсімдіктер қауымы ретінде маңыздылығын жоғалтты. Су түбінің сиретілген қауымдастығының қазіргі таңдағы абсолюттік басымды өкілі кіші зостер болып табылады. Су айдындарында мына Salvinia natans, Zannichelia major, Najas marina сияқты түрлер жойылды.
Бұрын қопалары суы аз шығанақтар мен көлдерде кеңінен таралған Қазақстан өлеңшөбі сияқты эндемикалық түр жойылып кету алдында тұр.
Өсімдіктер қауымының алуантүрлілігі.
Өзендердің аңғарлары мен атырауындағы өсімдіктер қауымы құрамы мен құрылымы бойынша бойынша аймақтық баламасы жоқ, төтенше серпінділігі мен кеңістіктегі біркелкі еместігімен ерекшеленеді.
Қоғалы шөпті батпақ – Рогозовое травяное болото (Typha angustifolia)
|
![]() |
|
Теңгебасты түйнекөлеңді батпақты шалғын – Сусаково-клубнекамышевый болотистый луг (Bolboschoenus maritimus, Butomus umbellatus) |
Өлеңшөпті шөпті батпақ – Камышевое травяное болото (Scirpus litoralis, S.lacustris, S. tabernaemontani) |
Батпақ өсімдіктерінің әртүрлі типтері
![]() |
|
Көпгүлді жыңғыл – Гребенщик многоцветковый - Tamarix ramosissima Ledeb. |
Тікентүкті жыңғыл – Гребенщик щетинистоволосый - Tamaix hispida Willd |
![]() |
|
Түктібұталық тікенбұты – Дерезаволосистотычинковая – Lycium dasystemum Pojark |
Белянжер қарабарағы (төбе сараң) Соляноколосник каспийский - Halostachys belangeriana (Moq.) Botsch |
Басымды галофиттік бұталар
Тоғайлар – тропиктен тыс шөл аймақтағы жайылма ормандар, ағаш бұта мен бұта қопалары. Олардың олардың қалыптасуы құрғақ және ыстық климатқа және бүкіл вегетациялық кезең бойы топырақтың жеткілікті ылғалдануымен, сол сияқты жер бедерінің белгілі элементтері – тосапты арналардың үйінділері мен оларда қалыптасатын тосапты – шалғынды тоғай топырақтарымен байланысты болады. Бұл тоғайлардың ерекшеліктері олардың таралу формасы болып табылады. Бұлар негізінен саябақ сипатындағы галереялық ормандар: ағаш – бұта өсімдіктерінің аралдары ағаш – бұта қоғамдастығынан туындайтын шөп қоғамдастықтарымен алмасып отырады
![]() |
|
Тораңғыл – Тополь сизолистный - PopuluspruinosaSchrenk |
Әртүрлі жапырақты терек – Тополь разнолистный - PopulusdiversifoliaSchrenk |
![]() |
|
Үшкіржемісті жиде – Лох остроплодный - Elaeagnus oxycarpa Schlecht. |
Күміс шеңгел – Чингиль серебристый - Halimodendron halodendron (Pall.) Voss
|
![]() |
|
Шілік – Ива розмаринолистная - Salix rosmarinifolia L. |
Жоңғар талы – Ива джунгарская - Salix songarica Andress |
Ағаш – бұта тоғайларының басымдық өсімдіктері
![]() |
|
Сібір цинанхумы – Цинанхум сибирский - Cynanchum sibiricum Willd |
Шығыс жібілгені – Ломонос восточный - Clematis orientalis L |
Арамшөп калестегиясы – Повойзаборный - Calystegia sepium (L.) R.Br. |
Тоғай шырмауықтары
![]() |
|
Қияқты әртүрлі – қияқты шөпті қабатпен, кейуақытта бұталардың қатысуымен тораңғы ормандары |
Сиретілген бидайық шөпті қабатпен тораңғы тоғайлары |
Төменгі қабатты қоға қоғамдастығымен, ұзақ уақыт бойы су басқан тораңғы тоғайлары |
Тораңғы тоғайларының әртүрлі қоғамдастықтары
Читать далее08 Қаңтар 2015
Парктің мемлекеттік инспекторларына қызметтік төсбелгі (жетон) тапсырылды
- Подробности статьи
ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 25-02-01/166 санды бұйрығымен ҚР Әділет министрлігінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 7668 бұйрығымен «Айырым белгілері бар нысандық киім(погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» қағидасы бекітілген, осыған байланысты «Малашевич» ЖШС-не тапсырыс беру арқылы жалпы соммасы 400 000 теңгені құрайтын 154 дана темір қызметтік төсбелгілер (жетон) жасалынып, 2014 жылдың 18 желтоқсан күні өңірлік парктің барлық мемлекеттік инспекторлары қызметтік төсбелгіге ие болды.
Читать далее07 Қаңтар 2015
Өңірлік парк Тәуелсіздік мерекесін атап өтті.
- Подробности статьи
2014 жылдың 15 желтоқсан күні мекеменің барлық қызметкерлерінің жиналуымен «16 – желтоқсан Тәуелсіздік күні» мерекесі аталып өтті.
Читать далее