19 Сәуір 2016

«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі ағымдағы жылдың 16 сәуірінде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» бірыңғай акциясы аясында ЕҚТА жерлерінде ағаш отырғызу іс шаралары өткізілді. Бас мекеменің ауласында 70 түп ағаш көшеттері (оның ішінде 20 түп алма, 20 түп өрік және 30 түп туя) отырғызылды. Боралдай филиалының Теректі бөлімінде 120 түп қарағаш көшеті отырғызылды. Сырдария филиалының Тақыркөл орманшылығында 120 түп қарағаш, 30 түп үйеңкі, 10 түп туя көшеттері отырғызылды. Түркістан филиалының Қызылшаруа орманшылығында 70 түп қарағаш, 30 түп туя көшеттері отырғызылды.

Читать далее
Китайские телефоны и все для них