Тамыз 2016

29 Тамыз 2016

Сыры ашылмаған Боралдай шатқалы зерттелуде

Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры Б.Байтанаевтың жетекшілігімен археологтар өңірлік паркке қарасты Боралдай филиалының Төменгі Боралдай шатқалындағы осы күнге дейін зерттелмеген үңгірлерге археологиялық зерттеулер жүргізуде.

Читать далее

Өңірлік табиғи парктің аумағында бұқар бұғысының басы көбеюде

2013 жылы Түркістан орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі қайта құрылған соң, бұқар бұғысының тұқымбағы жаңадан құрылған Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қарамағына берілді. Тұқымбақтың тормен қоршалған аумағының ауданы 20 га болса, бір жағы қоршалған екінші бөлігінің ауданы 322 га. Он жылдан астам уақыт жануарлардың Сырдария өзенінің жайылмасындағы арнайы құрылған тұқымбақта жерсініп, бейімделуіне және олардың санының бірте-бірте көбейіп, бастарының рекордтық санға жетуіне мамандардың көп еңбектері жұмсалды.

Читать далее

19 Тамыз 2016

Ресей Федерациясында өткен халықаралық конференция

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Мошқалов Бейбіт Мырзабайұлы Боралдай филиалының орман қорғау инженері Ш.Жолдасовпен бірге 1-8 тамыз күндері аралығында Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында өткен Орталық сібір ботаникалық бағыны 70 жылдығына арналған халықаралық конференциясына қатысты. Өңірлік парктің бас директоры Б. Мошқалов Сырдария-Түркістан мемлкеттік өңірлік табиғи паркінің 2013-2015 жылдар аларылығындағы биоалуантүрлілікті зерттеу жұмыстарының нәтижелері тақырыбында баяндама жасады.

Читать далее
Китайские телефоны и все для них