Наурыз 2017

31 Наурыз 2017

Өңірлік табиғи паркте өрт қауіпті маусымға дайындық айлығы іс-шарасы өз дәрежесінде өткізілді

Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2017 жылғы 26 қаңтардағы «Мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2017 жылы орманды өрттен қорғау шаралары туралы» №15 н/қ санды бұйрығы және өңірлік табиғи парктің ағымдағы жылы 31 қаңтардағы «2017 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерін өрттен қорғаудың іс-шаралары туралы» №9-ө санды бұйрығымен ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде орман өрттерінің алдын алу және сапалы түрде өрт қауіпті маусымына дайындық жүргізу мақсатында 2017 жылдың 20 ақпаны мен 20 наурыз аралығы өрт қауіпті маусымға дайындық айлығы, ал 1 сәуір  мен 1 қараша айларының аралығы өрт қауіпі бар маусым болып бекітілген.Осы бұйрық негізінде өңірлік табиғи паркке қарасты филиалдарда бұйрықтар шығарылды.

Читать далее

29 Наурыз 2017

Өңірлік табиғи паркте тәжірибелік семинар өткізілді

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-не қарасты Cырдария филиалының Байырқұм орманшылығында ағымдағы жылдың 29 наурызында «ЕҚТА жерлерінде орманды өрттен қорғау шаралары, сұғанақтыққа қарсы күрес және туризмді дамытудың бағыттары» тақырыбы бойынша тәжірибелік семинар өткізілді.

Читать далее

24 Наурыз 2017

«Парктер шеруі-2017» табиғат қорғау акциясы ашылды

Ағымдағы жылдың 17 наурыз күні Түркістан филиалы, Түркістан қаласы, Ораңғай ауылдық округі, Құсшы Ата елді-мекені, М.Қазыбеков атындағы қазақ орта мектебінде «Парктер шеруі -2017» табиғат қорғау акциясының ашылуы өтті.

Читать далее

20 Наурыз 2017

Өңірлік парк аумағында ерте көктемде гүлдейтін Кессельринг лапызы жайқалып тұр

Шұғылалы көктемнің бірінші аптасында Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Сырдария филиалы Байырқұм орманшылығының аумағында ерте көктемде гүлдейтін гүлдердің тобында кездесетін кессельринг лапызы мен бәйшешектер жайқалып өсуде.

Читать далее

18 Наурыз 2017

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас ғимараты аумағында көктемнің алғашқы гүлдері гүлдеу фазасынан өтуде

Ғылым мониторинг бөлімінің бақылауындағы интродукциялық учаскесінде Боралдай тауының жоталарынан алынып, пиязшықпен егілген "Алатау бәйшешегі" және Сырдария филиалының Сыр бойынан пиязшықпен алынып, егілген "Кессельеринг лапызы" гүл ашып тұр.

Читать далее

17 Наурыз 2017

Мектеп орманшылығы ағаш егу жұмыстары жүргізуде

Ағымдағы жылдың наурыз айының 13 күні Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі Шымкент қаласындағы Молда Мұса атындағы № 5 жалпы орта мектебімен келісім шартқа тұрды. Осы келісім шарттың негізінде мектеп орманшылығына 14 оқушы қабылданды. Өңірлік парктің қызметкерлері Молда Мұса мектебінде оқулармен бірге отыз арша ағашының көшеті отырғызылды.

Читать далее

15 Наурыз 2017

Өңірлік табиғи паркте мемлекеттік инспекторлардың білімін жетілдірудің 40 сағаттық оқу-семинар сабақтары өткізілді

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің 2017 жылғы 20 ақпандағы «Өңірлік табиғи парктің мемлекеттік инспекторларының білімін жетілдіру мақсатында 40 сағаттық оқу-семинар сабағын және техминимумын өткізу туралы» №20-ө бұйрығы негізінде ағымдағы жылдың 23-24 ақпан күндері Сырдария филиалы, 1-2 наурыз күндері Түркістан филиалы және 10-11 наурыз күндері Боралдай филиалының мемлекеттік инспекторларына ЕҚТА жерлерін орман өрттерінен қорғау, орманды молайту шаралары және табиғи кешендерді қорғау, туризм, ғылым салаларында білімдерін жетілдіру мақсатында оқу-семинар сабақтарыөткізілді.

Читать далее

01 Наурыз 2017

Үгіт насихат жұмыстары жүргілуде

Ағымдағы жылдың ақпан айының 21-23 күндері өңірлік парктің қызметкерлері Сырдария және Түркістан филиалдарына мектеп орманшылығы мүшелеріне экологиялық дәріс оқуға іссапарға барды. Бұл үгіт насихат жұмыстардың басты мақсаты жеткіншек ұрпақты қоршаған ортаны қорғау проблемаларына жауапкершілікпен қарауға, құстарға және қоршаған ортаға қамқор бола білуге тәрбиелеу және қызғалдақтың жабайы түрлері ретінде Қазақстан Республикасының беделін көтеріп, экологиялық білімдерін қалыптастырып, тәжірибелік дағдыларын әрі қарай дамыту.

Читать далее
Китайские телефоны и все для них