16 Декабрь 2013
Тәуелсіздік күні
- Подробности статьи
Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай салтанатты жиналыс 2013 жылдың желтоқсан айының 13 күні мекемеде салтанатты түрде аталып өтті. Мемлекеттік Әнұран шырқалып, құттықтау сөздер айтылды. Тәуелсіздік мерекесіне арнап, бейне түсірілім дайындалып, көрсетілді. Туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің бастығы Н.Жұмағұлованың «Тәуелсіздік мерекесі» атты тақырыбында баяндамасы тыңдалды. Техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау инженері Б.Спанов «Тәуелсіздік тұғырым» атты өзі шығарған өлең шумақтарын оқыды.