08 October 2013

"Табиғат тіршілік аясы" атты табиғат қорғау акциясы

Новости сайта 2 122013 жылдың 8 қазан күні мекеменің Боралдай филиалында, Теректі ауылынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан 67 орам №9 айналымда, Байқалмақ қойнауында «Табиғат- тіршілік аясы» атты табиғатты қорғау акциясы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, туған елге, туған жерге деген патриоттық сезімін ояту, « Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының» құрылғаннан бергі атқарылған жұмыстарының нәтижесін көрсету болды. Іс-шара барысында, акцияның тақырыбына сәйкес қол өнер бұйымдарынан, Боралдай филиалының алқабында сирек кездесетін ағаш түрлерін көбейту, жерсіндіру мақсатында жиналған ұрықтары мен мекеменің кітапхана қорындағы кітаптардан, Бұхар бұғыларының табиғи жолмен түскен мүйіздерінен көшпелі көрме ұйымдастырылды. Келген қонақтарға Қостұрадан естелік ретінде фото сурет (10 дана), (200 дана) мекеме туралы қысқаша түсіндірме парақтары, мекеме атауы мен акцияның эмблемасы рәсімделген кепка және значоктар таратылып, тіркеу журналына тіркелді.

Читать далее
Китайские телефоны и все для них