June 2017

26 June 2017

Қостанай қаласында ІІІ Халықаралық конференциясында ғылыми мақала жарық көрді

Қазақстан Республикасының Қостанай қаласында 2017 жылдың 24-27 сәуірі күндері «Азия далаларындағы биологиялық әртүрлілік» атты ІІІ Халықаралық конференциясы өтті. Осы аталған конференцияның ғылыми жинағында «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік паркінің» ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері Е.Төлеміс, М.Наровтың «Боралдайтаудың реликті (көне) өсімдіктері» тақырыбында ғылыми мақалалары жарық көрді.

Читать далее

22 June 2017

Археологиялық қазба жұмыстары

Өңірлік табиғи парк аумағындағы Боралдай филиалының Төменгі Боралдай бөлімінде Ә.Марғұлан атындағы археология институтының археологтары біздің ғасырымызға дейінгі бірнеше ғасырлар бұрынғы мекен еткен адамдардың тұрмыстық қалдықтарын зерттеуде.

Читать далее

21 June 2017

Өңірлік парк аумағындағы шетелдік туристер

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалында, Төменгі Боралдай бөлімінде Қытай халық Республикасынан шетелдік туристер келіп демалуда. Құрылғанына небәрі төртінші жылға қадам басқан жас парктің ғаламтор желілері және өзінің ресми сайты арқылы шетелдік туристердің қызығушылығының арттырғаны қуантарлық жағдай. Қытайлық Коу Шо Фын, Пай Ли Шин, Ван Жи, Су Че Фан есімді туристер өңірлік парктің табиғаты мен ұсынылған қызмет түрлеріне жоғарғы баға беріп, өз пікірлерін жазды.

Читать далее

15 June 2017

Өңірлік табиғи парктің Боралдай өңірінде Ресей ғалымдарымен бірлесіп ары қарай биологиялық алуантүрлілік бойынша далалық ғылыми зерттеулері жүргізілуде

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері Ресей ғалымдарымен, бірегей Боралдай өңірінің биологиялық алуантүрлілігін ары қарай тереңдеп жүргізу мақсатында  гербарийлер жинау, фенологиялық бақылаулар жүргізу үшін осы жылғы маусым айында Боралдай филиалының Қаратаудың Боралдайтау өңірінде бұрын қамтылмаған учаскелерде кезекті далалық ғылыми зерттеулер жүргізді.

Читать далее

14 June 2017

Студенттер іс-тәжірибеде

2017 жылдың маусым айында Академиялық Инновациялық Университетінің (АИУ) университетінің «Ғылыми биология» мамандығының 30 студенті және жетекшілері өңірлік табиғи парктің Боралдай филиалында іс-тәжірибеден өтті. Студенттер бас мекемеде техника қауіпсіздігі ережелерімен танысты. Студенттер өңірлік парктің құрылу тарихи, жер көлемі, филиалдар мен бөлімдер туралы және олардың қызметімен толықтай танысып, парк аумағында ұйымдастырылған 4 туристік маршрут пен 3 туристік соқпақ туралы ақпарат алды.

Читать далее

13 June 2017

Волгоград қаласындағы халықаралық ғылыми журналында екі мақала жарық көрді

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері А.Тажиеваның Ресейдің Волгоград қаласында «Мир и наука» халықаралық ғылыми журналының №4 (44) санында 2017 жылы «Биоразнообразия флоры поймы и дильты реки Сырдарьи» және «Особенности распространения и экология бухарского оленя на территорий Сырдарья-Туркестанский государственный региональный природный парк» атты мақалалар жарық көрді.

Читать далее

12 June 2017

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі ғылыми жұмыстарының нәтижелері және жаңа бағыттары бойынша дөңгелек үстел өткізді

Ағымдағы жылдың 9 маусымы күні өңірлік табиғи парктің бас ғимаратында Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі ғылыми жұмыстарының нәтижелері және жаңа бағыттары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Читать далее
Китайские телефоны и все для них