March 2018

31 March 2018

«Парктер шеруі – 2018» табиғат қорғау акциясы аясында 1 сәуір – Халықаралық құстар күніне арналған «ORNIS-2018» атты облыстық жас орнитологтар сайысы

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Экологиялық орталық» МКҚК, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ұйымдастыруымен 1 сәуір – Халықаралық құстар күніне арналған «ORNIS-2018» атты облыстық жас орнитологтар сайысы Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағында өтті.

Читать далее

26 March 2018

«Тал күні» облыстық ағаш-бұта көшеттерін отырғызу күні

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-і «Тал күні» облыстық ағаш-бұта көшеттерін отырғызу күні қарсаңында бас мекеменің интродукциялық ботаникалық учаскесіне 23 дана, оның ішінде магнолия, писарда өрігі, жапон айвасы, гортензия, сакура, аққайың, декоративті тұт ағашы, ирелең қарағаш, альбиция, багрянник, хилокатальпа, адамово ағашы, испандық дрок, юка, пузиреплодник, барбарис, үнді сирені, бульденеж, буддлея және гибискус секілді ағаш-бұта көшеттері арнайы қазылған шұңқырларға отырғызылды, іс-шараға жалпы 14 адам қатысты.

Читать далее

12 March 2018

Ағымдағы жылдың 26 ақпан мен 7 наурыз аралығында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «Туған жер»

Ағымдағы жылдың 26 ақпан мен 7 наурыз аралығында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «Туған жер» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Экологиялық орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын мен «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» ұйымдастыруымен мектеп экоклубтарының аймақтық фестивалі өтті.

Читать далее

Өңірлік табиғи паркте мемлекеттік инспекторлардың білімін жетілдірудің 40 сағаттық оқу-семинар сабақтары өткізілді

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нің 2018 жылғы 23 ақпандағы «Өңірлік табиғи парктің мемлекеттік инспекторларының білімін жетілдіру мақсатында 40 сағаттық оқу-семинар сабағын және техминимумын өткізу туралы» №19-н/қ бұйрығы негізінде ағымдағы жылдың 27-28 ақпан күндері Сырдария филиалы, 1-2 наурыз күндері Түркістан филиалы және 03 наурыз күндері Боралдай филиалының мемлекеттік инспекторларына ЕҚТА жерлерін орман өрттерінен қорғау, орманды молайту шаралары және табиғи кешендерді қорғау, туризм, ғылым салаларында білімдерін жетілдіру мақсатында оқу-семинар сабақтары өткізілді.

Читать далее

07 March 2018

Сырдария қырғауылы тұқымбағы

2017 жылы Түркістан филалының Қызылшаруа орманшылығының №24 айналым 21 орамында іске қосылған Қырғауыл тұқымбағына Сырдария қырғауылдарының 13 басы 2 га жерге жіберілді. Оның ішінде: мекені 9 бас, қоразы 4 бас. 2018 жылы 21 бас Сырдария қырғауылы қосылды. 20 басы қырғауыл мекені, 1 басы қырғауыл қоразы. Жалпы Сырдария қырғауылы тұқымбағына 5 бас қораз, 29 бас мекен жіберілді. Қазіргі таңда Сырдария қырғауылдарының табиғи ортадан тұқымбақта көбейіп және бейімделуіне бақылау мониторингі жүргізіліп жатыр.

Читать далее

06 March 2018

Тазалық күні

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағында ағымдағы жылдың 24 ақпан күні «Тазалық күні» сенбілігі ұйымдастырылып, тазарту жұмыстары жүргізілді. Осы тапсырмаға сәйкес мекемеге қарасты Боралдай, Сырдария және Түркістан филиалдарының белгіленген территорияларында сенбіліктер жүргізіліп, тазалық жұмыстары атқарылды.

Читать далее
Китайские телефоны и все для них