Парктер шеруі-2016 «Құстарға қамқор болайық» атты акциясымен жалғасты

Ағымдағы жылдың 1 сәуір күні Халықаралық құстар күні мерекесіне орай «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-мен Шымкент қаласында Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектепте  Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының Экологиялық орталығымен бірге «Құстарға қамқор болайық» атты іс-шара өтті.

Толығырақ...

«Парктер шеруі-2016» табиғат қорғау акциясы ашылды

Ағымдағы жылдың 31 наурыз күні Отырар ауданы, Ә.Байтанаев негізгі орта мектебінде «Парктер шеруі-2016» табиғат қорғау акциясының ашылуы өтті.

Толығырақ...

Өңірлік табиғи паркке қарасты филиалдарда ЕҚТА жері мен арнайы жер қоры арасын ашу мақсатында шөптесін өсімдіктерді бақылаулы өртеу жұмыстары жүргізілді

2016 жылы орманды ұлғайту мен өсіру және қорғау бойынша бекітілген индикативтік жоспарға сай өрт қауіпті маусымға дайындық айлығы аясында өңірлік табиғи паркке қарасты Сырдария және Түркістан филиалдарының ЕҚТА жері мен арнайы жер қоры арасын ашу үшін шөптесін өсімдіктерді бақылаулы өртеу жұмыстары жалпы 110 шақырым жерде жүргізу жоспарланған.

Толығырақ...

Өңірлік табиғи паркке қарасты филиалдарда 2012-2015 жылдары отырғызылған мәдени орман екпелері қарағаш көшеттерімен толықтырылды

Ағымдағы жылдың 09-18 наурыз аралығында өңірлік табиғи паркке қарасты Сырдария филиалы Отырар орманшылығының №110 орамында 2015 жылы көктемде отырғызылған 45 га мәдени екпе алқабы 5 мың дана, осы орманшылықтың №142,144 орамдарында 2013 жылы күзде отырғызылған 72 га мәдени екпе алқаптары 2 мың дана, Отырар орманшылығының №142 орамында 2012 жылдың күз айларында отырғызылған 78,5 га мәдени екпе алқаптары 3 мың дана, сондай-ақ Шардара орманшылығының №32, 43, 44 айналымдарында 2012 жылы күзде отырғызылған 201 га мәдени екпе алқаптары 11 мың дана және Түркістан филиалы Қызылшаруа орманшылығының №6 орамында 2015 жылы күз айларында отырғызылған 30 га мәдени екпе алқаптары 7,2 мың дана, Шәуілдір орманшылығының №15 айналымында 2012 жылы күзде отырғызылған 71,5 га мәдени екпе алқаптары 4 мың дана, жалпы өңірлік табиғи парк бойынша 498 га мәдени екпе алқаптары 34,2 мың дана қарағаш көшеттерімен толықтырылды.

Толығырақ...

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі балықшыларды, демалушыларды қабылдауға дайын

Ағымдағы жылдың 25-26 ақпан күндері Сырдария филиалының Байырқұм орманшылығы Байырқұм көпірі маңында "Балықшылар ауылын" орналастыру жұмыстары жүргізілді. Орналастыру барысында 3 дана алты адамдық жылытылған және төсек орындарымен қамтамасыз етілген жылжымалы вагон үй, 2 дана тапчандар, 4 дана шатыр, 2 дана био-әжетхана, 3 дана саябаққа арналған орындықтар, 2 дана қоқыс жәшігі орнатылды. От жағатын арнайы орындар белгіленіп, 2 дана қазан-ошақтар қойылып, отындар дайындалды.

Толығырақ...

Сұғанақтыққа қарсы рейдтік жұмыстар барысында аң аулау ережесін бұзушы ұсталды

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне қарасты Сырдария филиалында 14.03.2016 жылы рейдтік тексерулер барысында Тақыркөл орманшылығының №6 кварталында заңсыз аң аулау ережесін бұзған азамат Шымкент қаласының тұрғыны М.Мамедов ұсталды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 382 бабының 3 тармағы негізінде хаттама толтырылып, ол азаматтарға 70 (жетпіс) АЕК мөлшерінде, яғни 148 470 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Тексеру барысында ұсталған азаматың көлігінен 12 колибірлі №011352 мылтық және 3 дана аңшылық оқтар тіркеліп, алынды.

Толығырақ...

Хабарландыру

Толығырақ...

«Қазақстан қорықтары» атты бағдарламасы Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі туралы бейнефильм түсірді

Хабар агенттігінің Білім және мәдениет телеканалының «Қазақстан қорықтары» атты бағдарламаның продюссері Б.Нусимбеков және Қазақстан құстарын қорғау қоғамының вице-президенті О.Беляловпен Сырдария, Түркістан, Боралдай филиалдарының әсем табиғаты мен атқарылған жұмыстары және туризмнің дамуы туралы бейнефильм түсірілді.

Толығырақ...

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметкерлері филиалдағы мемлекеттік инспекторлардың білімін жетілдірудің 40 сағаттық оқу-семинар сабақтарын өткізді

Өңірлік табиғи парктің 22 ақпандағы №18-ө бұйрығы негізінде мемлекеттік инспекторлардың ЕҚТА орман өрттерінен қорғау, орманды молайту шаралары және табиғи кешендерді қорғау, туризм, ғылым салаларында білімдерін жетілдіру мақсатында бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Б.Баймұратов, орман және өсімдіктер дүниесін қорғау бөлімінің меңгерушісі А.Қырықбаев, ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Е.Төлеміс, туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің меңгерушісі Н.Жұмағұлова, ЕҚТА күзету және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің меңгерушісі Қ.Оразымбетов және заңгер Н.Сатпаевтар ағымдағы жылдың 25-26 ақпан күндері Сырдария филиалында, 1-2 наурыз күндері Түркістан филиалында, 10 наурыз күндері Боралдай филиалында оқу-семинардың тақырыптық бағдарлама бойынша филиал директоры, филиал директорының орынбасары, барлық санаттағы инженерлері, орманшылар мен оның көмекшілері, орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторлардың қатысуларымен 40 сағаттық оқу-семинар сабақтарын өткізді.

Толығырақ...

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде 2016 жылғы 9 наурызда өткен қазақстанның Қызыл кітабына енген кәдімгі пісте ағашының сортты көшеттерін жабық тамырлы әдіспен-контейнерде өсірудің технологиясы туралы ғылыми семинар

Семинарға Ботаника және фитоинтродукция институтының Ботаника бағының аға ғылыми қызметкері б.ғ.к. Николай Евгеньевич Зверев қатысып, баяндама жасады: Н.Е.Зверев семинарда кәдімгі пістенің плантациясының тиімділігін арттыру үшін пістенің тұқымын полиэтиленді контейнерде өсірудің, оларды Боралдай өңірінде оңтайлы жағдайда өсірудің тиімді жолдарын талқыланды. Пістенің тұқымын полиэтиленді контейнерде қаншалықты тереңдікте егу, контейнерді қалай жерге орналастыру тәртібін, оларды суғару жолдарын және басқа да мәліметтері айтылды. Сондай ақ кәдімгі пістенің бүршігінен телудің технологиясын, оған аталық тозаңдатушыларды дұрыс таңдау, олар сандық арақатынасын реттеу, бүршікпен телудің технологиясы туралы, кәдімгі пістенің тұқымбағын құрудың, онда оның ірі көшеттерінің өсіру технологиясы туралы жан-жақты слайдтарды көрсету арқылы баяндап берді.

Толығырақ...