ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАР ЖАБДЫҚТАЛУДА!

    Боралдай филиалы, Теректі демалыс аймағында киіз үй, тапчандар, палаткалармен жабдықталған және де табиғи экомонша, табиғи су бассейні салынып, демалушыларға көрсетілетін қызметтер жасалуда.

Толығырақ...

Рейдтік жұмыстар.

    Ағымдағы жылдың 23-25 наурыз аралықтарында өңірлік табиғи парк қызметкерлері топ-топқа бөлініп рейдтік жұмыстарға шықты.

Толығырақ...

Өңірлік паркте өрт қауіпті маусымға дайындық кезеңі қорытындыланды

       Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2015 жылғы 26 қаңтардағы «2015 жылы орманды өрттен қорғау шаралары туралы» №2-ө санды бұйрығы негізінде өңірлік табиғи парктің ағымдағы жылы 27 қаңтардағы «2015 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерін өрттен қорғаудың іс-шаралары туралы» №9 нқ санды бұйрығымен ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерінде орман өрттерінің алдын алу және сапалы түрде өрт қауіпті маусымына дайындық мақсатында 2015 жылдың 10 ақпаны мен 20 наурыз аралығы өрт қауіпті маусымға дайындық кезеңі, ал 1 сәуір мен 1 қараша айларының аралығы өрт қауіпі бар маусым болып бекітілген.

Толығырақ...

Өңірлік парк англия мемлекеттің екінші сертификатына ие болды

       Боралдай тауларының флорасын анықтау нәтижесінде, өңірлік табиғи парктің аумағындағы өсімдіктердің түрлерін ғылыми – зерттеу  жұмыстарының нәтижелері бойынша Англия мемлекетінің Шеффилд қаласында 28 ақпан 2015 жылы «Іргелі және қолданбалы ғылым» XI Халықаралық ғылыми конференция жинақтарында «Особенности флоры Боралдайского филиала регионального природного парка» атты орыс тіліндегі тақырыпта мақала жарияланды.

Толығырақ...

Орман өртінің алдын алу, сүрек дайындау және жабайы аңдарды азықтандыру бойынша семинар-кеңес өтті.

       Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні бас мекемеге қарасты Сырдария филиалында семинар-кеңес өтті. Оған облыстық орманшаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Арыс қалалық №7 өрт сөндіру бөлімдері және бас мекеме мен филиалдардан барлығы 25 адам қатысты. Сонымен қатар, Арыс қаласының жергілікті АРТ ТV телеарнасы түсірілім жасады.
Семинар кеңестің күн тәртібінде төмендегідей өзекті мәселер қаралды:

Толығырақ...

40 сағаттық оқу-семинар сабақтары өткізілді.

 

       Өңірлік паркке қарасты филиалдарда 40 сағаттық оқу-семинар сабақтары өтті. Семинар – сабақтар барысында ҚР ЕҚТА Заңы мен Орман кодексінің талаптары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің жаңа редакциясындағы өзгерістер, еңбек кодексіндегі еңбек қорғау мен техника қауіпсіздігі мәселелері пысықталды.

Толығырақ...

Жаңа жылдың жаңа жетістіктері!

       Сырдария жайылмасы мен Боралдай тауларындағы және Сырдария мен Арыс өзендерінің жайылмаларындағы кездесетін флорасы мен фаунасын зерттеулердің негізінде өңірлік табиғи парктің аумағындағы өсімдіктің түрлері, омыртқасыздықтардың түрлері, жабайы аң құстар мен балықтардың түрлері туралы  және де туристік маршруттардың  анықтамалықтары шығарылды.

Толығырақ...

Қысқы туризм де дамитын болады.

       Өңірлік табиғи парктің аумағында Қаратау өңірінің тауалды жазықтары мен аласа таулардың дамыған ландшафтары, басқа өңірлердегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аз қамтылған өзгеше флорасымен, өсімдіктер қауымдастығымен және биіктік белдеулермен сипатталады.

Толығырақ...

Өңірлік парк 2014 жылғы негізгі жұмыстарын қорытындылады.

image001

Толығырақ...

Парктің мемлекеттік инспекторларына қызметтік төсбелгі (жетон) тапсырылды

       ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі  № 25-02-01/166 санды бұйрығымен ҚР Әділет министрлігінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 7668 бұйрығымен  «Айырым белгілері бар нысандық киім(погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» қағидасы бекітілген, осыған байланысты «Малашевич» ЖШС-не тапсырыс беру арқылы жалпы соммасы 400 000 теңгені құрайтын  154 дана  темір қызметтік төсбелгілер (жетон) жасалынып, 2014 жылдың 18 желтоқсан күні өңірлік парктің барлық мемлекеттік инспекторлары  қызметтік төсбелгіге ие болды.

Толығырақ...