Боралдай тауында бұрын Қазақстанда тіркелмеген жай көзшесіз қандаланың түрі анықталды

Сырдария-Түркістан өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалының таулы Теректі, Айыртау шатқалдарында б.ғ .к.,П.Есенбекованың жетекшілігімен парктің кіші ғылыми қызметкері А.Жанконсованың қатысуымен 2015 жылы шілде айында жүргізілген далалық зерттеу жұмысының нәтижесінде бұрын Қазақстанда тіркелмеген жартылай қанаттылар отрядына жататын жай көзшесіз қандаланың түрі (Nasocoria ephedrea Reuter,1902) анықталды.

Толығырақ...

Конституция күні!

            Қазақстан Республикасының 30 тамыз «Конституция күні» мерекесі 2015 жылдың 28 тамыз күні мекемеде салтанатты түрде аталып өтті.

Толығырақ...

Республикалық наградаға ие болды.

            Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығы бойынша өңірлік парктің Сырдария филиалындағы орман шебері – мемлекеттік инспектор Мырзабаев Ағыбай Тастемірұлы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

Толығырақ...

Мәскеу қаласындағы халықаралық ғылыми журналда екі тілде жарияланған мақала

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркте бұқар бұғысының көбею туралы парктің бас директоры Б.М.Мошқалов басқа ғалымдармен бірлесіп,

Толығырақ...

Омыртқасыздар зерттелді.

            Биология ғалымдарының кандидаты  Есенбекова П.А.  Сырдария – Түркістан өңірлік табиғи паркінің  кіші ғылыми кызметкері Жанқонсова А. ағымдағы жылдың шілде айының  1-3 күндері аралығында Боралдай филиалының Теректі шатқалында омыртқасыздардың түрлерін зерттеп,  жинады. Омыртқасыздардың 11 отрядынан 48 коллекциясы жиналып, жасақталды. Омыртқасыздардың түрлері зертханада анықталу үстінде.

Толығырақ...

Мұхиттың арғы жағы АҚШ-та жарияланған мақала.

       Ғылым ақпарат және мониторинг бөлімінің бастығы Е.Төлемістің, аға ғылыми қызметкер М.Наровтың  Оңтүстік Қазақстанның өңірлік паркінің ғылыми зерттеулер жүргізудегі алғашқы қадамдары туралы  ғылыми мақаласы АҚШ-тың Солтүстік Чарлстон қаласында 2015 жылы 7-8 сәуірде  өткен «Ғылымды дамытудағы жаңғыртудың стратегиясы» VIΙI Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жинағында жарияланды.

Толығырақ...

Cеминар

       Форум Байқоңыр қаласының экологиялық жағдайы сонымен қатар туризмді дамыту тақырыбында жүрді. Мекеменің Бас директоры Б. Мошқалов құрылғанына небәрі үшінші жылға қадам басқан парктің атқарған жұмыстары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы туризмнің дамуы туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, алдағы уақытқа жоспарланған жаңа жоспарларды да атап өтті.
Форумға қатысушылар Ресей, Испания, Қытай, Польша сияқты шет елдерден келген  ғалымдарды  құрады.

Толығырақ...

Сутуризмі

      Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі облыстық жас туристер станциясымен бірлесіп экологиялық балалар экспедициясын ұйымдастырды.  Төртінші және тоғызыншы сынып оқушыларынан құралған топ, 2015 жылдың 1  шілде жұлдызында  Байырқұм көпірінен   бастау алып, барлығы 91 шақырымды қайықпен жүзіп өтіп, 9-шілде күні Шәуілдір көпіріне  келді.

Толығырақ...

Брифинг

        Ағымдағы жылдың 1 шілде күні, парктің бас директоры Оңтүстік Қазақстан облысының бұқаралық ақпараттар өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Бейбіт Мырзабайұлы өңірлік парктің құрылғаннан бері атқарған жұмыстарын айтып, ғылыми жаңалықтар мен туризмнің дамуына кеңінен тоқталып өтті. Брифингке жергілікті және республикалық "Южный Қазахстан", "Рабат", "Уакыт" сынды бірнеше газет өкілдері қатысып, 
"Қазақстан-Шымкент", "Отырар","Айғақ", "TVK" телеарналарының жаңалықтар легінде көрсетілді.

Толығырақ...

ӨҢІРЛІК ПАРКТІҢ ҚОРҒАУ АЙМАҒЫ БЕЛГІЛЕНДІ!

       Парк жерінің айналасында «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының №2 тармағына сәйкес облыс әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі 82 санды "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу, қорғау аймағында табиғат пайдаланудың мөлшері, шекарасы, режим түрлері және тәртібі туралы" қаулысымен жалпы 119 978 га жер көлемінің сыртқы шекарасынан ені екі шақырымнан жалпы ауданы 263 092,5 гектарда қорғау аймағы белгіленді.

Толығырақ...