29 Май 2014

«Парктер шеруі - 2014»

image001Ағымдағы жылдың 17 наурыз күні Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі бойынша №3 ғылыми-техникалық кеңесі өтті. Күн тәртібіндегі 1 мәселе – «Парктер шеруі-2014» табиғат қорғау акциясының өткізілуі талқыланды.
«Парктер шеруі – 2014» табиғат қорғау акциясын өткізу жоспары және іс-шаралары туралы өңірлік паркінің туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің бастығы Жұмағұлова Н. баяндама жасады. ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2008 жылғы «17» наурыздағы № 73 бұйрығына сәйкес «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясын жыл сайын 23 наурыздан бастап 22 мамырға дейінгі делінген, осыған орай ағымдағы жылдың 22-наурыз күні Қаратау мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесе отырып, «Парктер шеруі -2014» табиғат қорғау акциясы өтуі жоспарланды.

Читать далее
Китайские телефоны и все для них