Май 2014
29 Май 2014
«Парктер шеруі - 2014»
- Подробности статьи
Ағымдағы жылдың 17 наурыз күні Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі бойынша №3 ғылыми-техникалық кеңесі өтті. Күн тәртібіндегі 1 мәселе – «Парктер шеруі-2014» табиғат қорғау акциясының өткізілуі талқыланды.
«Парктер шеруі – 2014» табиғат қорғау акциясын өткізу жоспары және іс-шаралары туралы өңірлік паркінің туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің бастығы Жұмағұлова Н. баяндама жасады. ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2008 жылғы «17» наурыздағы № 73 бұйрығына сәйкес «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясын жыл сайын 23 наурыздан бастап 22 мамырға дейінгі делінген, осыған орай ағымдағы жылдың 22-наурыз күні Қаратау мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесе отырып, «Парктер шеруі -2014» табиғат қорғау акциясы өтуі жоспарланды.
24 Май 2014
«Сарқылмас саяхат» туристік жәрмеңкесі
- Подробности статьи
Облыс әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласының «Көрме» орталығында облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Сарқылмас саяхат» 8-ші қазақстандық туристік жәрмеңкесі болып өтті.
Аталған туристік жәрмеңке жылжымалы түрде жыл сайын Қазақстанның әр облысында өтіп тұрады. Іс-шараның басты міндеті, облыстың ішкі және кіру туризмін дамыту, ОҚО туристік бағыттарын жылжыту.
21 Май 2014
Басқа мекемелермен тығыз байланыс
- Подробности статьи
Ағымдағы жылдың 14-16 мамыр күндері туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің бастығы Жұмағұлова Насихат Нұрмаханқызы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне тәжірибе алмасу мақсатында барып қайтты.
Читать далее
19 Май 2014
Ғылым жұмыстары
- Подробности статьи
Ғылым, ақпарат және монитринг бөлімінің бастығы Е.Төлеміс және экологиялық ағарту маманы М.Маликова Халықаралық Темпус компаниясының ұйымдастыруымен Түркістан қаласының А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өткен су ресурстарын басқару жөнінде ғылыми семинарға қатысып, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің флорасы мен фаунасы туралы және атқарылып жатқан ғылыми жұмыстары жөнінде баяндама оқыды.
12 Май 2014
Облысқа сіңірген еңбегі үшін
- Подробности статьи
Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі Сырдария филиалы директорының орынбасары Жарылқапов Исабек Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметовтың 2014 жылғы 28 сәуірдегі №1-104ө өкімімен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Жарылқапов Исабек осыған дейін бірнеше рет орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің, Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құрмет грамоталарымен және Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған.
Читать далее