30 January 2014

«Сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу» айлығы

2014-01-30-1«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – 2014 жылдың ақпан айында ауа райының аязды және қардың қалың болуына байланысты мемлекеттік орман қоры жерлерінде мекендейтін жануарлар дүниесінің жай күйіне бақылау жұмыстарын ұйымдастыруды және сирек кездесетін,  құрып кету қауіпі төмен түрлерінің жағдайына айрықша назар аударып, оларды қорғау мақсатында «Сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу»  айлығын жариялады.
2014 жылдың ақпан айының 1 – 28 күндері аралығында жүргізілетін сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу  айлығын өткізу туралы іс – шара жоспары бекітілді.
Іс – шараның басты мақсаты – өңірлік табиғи парк ҚР Қызыл кітабына енген және бағалы Бұхар бұғысын,  Қаратау архарын, үнді жайрасын, тас сусарын, шұбар күзенді, бүркітті, және тағы да басқа аң – құстарды қорғау жұмыстарын жүргізу, ЕҚТА жерінде және аңшылық апқаптарда аң – құстарды аулауға жол бермеу, орман және аң аулау ережелерінің заң бұзушылықтарының алдын алу, болдырмау жұмыстарын жүргізу.  Читать далее

Китайские телефоны и все для них