31 January 2014
31 January 2014
Өрт қауіпті маусымына дайындық кезеңі
- Подробности статьи
Өрт қауіпті маусым алдында орман қоры жерлерінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік саябағы» КММ-і, ОҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы және ОҚО Төтенше жағдайлар департаментімен 2014 жылға арналған өзара бірлескен іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Осы шараның аясында:
- филиалдардың өрт қауіпті маусым алдындағы дайындығына тексеру жүргізу, кемшіліктерге талдау жасау;
- орман өртінің алдын алу мақсатында бір айлық өртке қарсы дайындық айлығы іс-шарасын өткізу;
- орман өрттерінің алдын алу, бірлесіп сөндіру, мерзімінде құзырлы органдарға хабарлау, кінәлілерді анықтау;
- дала, орман өрттерін сөндіруге қатыстырылатын барлық қызметтердің өзара іс-әрекет жоспарын жасау;
- орман өрттеріне қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;
- орман өрті мен зиянкестеріне қарсы атқарылатын іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалына бақылау жасау;
- филиалдарды орман қоры жерлерінде өрттің алдын алу мақсатында демалушылар мен орман пайдаланушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде нұсқаулар беру және т.б. жұмыстар атқару көзделуде. Читать далее