19 February 2014

Бірлескен іс – шаралар өңірлік табиғи паркта

2014-02-19-1Өңірлік табиғи парк Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының Экологиялық орталығымен бірлесе жұмыс жасауда. 2014 жылдың 19 қазан күні Туризм, рекреация және экоғарту бөлімінің қызметкерлері  Экологиялық орталықтың оқушыларының қатысуымен семинар тренинг өткізді. Семинар «Парктар неге керек?» тақырыбымен басталды. «Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінің алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ. Олар азайып, жылдар өткен соң, мүлдем құрып кету қаупі туады. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұруы үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз. Қайткен күнде де табиғат өзінің табиғи қалпын сақтауы қажет. Сол мақсатта осы парк қызметкерлері жұмыс атқаруда. Парктарға барғанда ешбір аңға, құсқа тиіспей, гүлдер мен өсімдіктерді жұлып, таптамау , табиғатты қорғап, аялау керектігі айтылды.   Читать далее

Китайские телефоны и все для них