31 Қаңтар 2014

31 Қаңтар 2014

Өрт қауіпті маусымына дайындық кезеңі

Өрт қауіпті маусым алдында орман қоры жерлерінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік саябағы» КММ-і, ОҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы және ОҚО Төтенше жағдайлар департаментімен 2014 жылға арналған өзара бірлескен іс-шара жоспары жасалып, бекітілді. Осы шараның аясында:

  • филиалдардың өрт қауіпті маусым алдындағы дайындығына тексеру жүргізу, кемшіліктерге талдау жасау;
  • орман өртінің алдын алу мақсатында бір айлық өртке қарсы дайындық айлығы іс-шарасын өткізу;
  • орман өрттерінің алдын алу, бірлесіп сөндіру, мерзімінде құзырлы органдарға хабарлау, кінәлілерді анықтау;
  • дала, орман өрттерін сөндіруге қатыстырылатын барлық қызметтердің өзара іс-әрекет жоспарын жасау;
  • орман өрттеріне қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;
  • орман өрті мен зиянкестеріне қарсы атқарылатын іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалына бақылау жасау;
  • филиалдарды орман қоры жерлерінде өрттің алдын алу мақсатында демалушылар мен орман пайдаланушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде нұсқаулар беру және т.б. жұмыстар атқару көзделуде. Читать далее
Китайские телефоны и все для них