Парк аумағына кіру ақылы болды.

Парк аумағына кіру ақылы болды.
Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 7 тармақшасына және 38 бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2014 жылғы 4 тамыздағы №84-Ө санды бұйрығымен «Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтері үшін тарифтер мөлшері бекітілді.

Толығырақ...

Парк «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ» статусына ие болды!

Парк «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ»
статусына ие болды!

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 – наурыз 2014 жылғы №247 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  «Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне» қарасты жалпы аумағы 119 978 гектар жері бұдан былай орман қоры жерлері санатынан, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылды.
Бұл дегеніміз ендігі жерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жауапкеншілік күшейе түсіп, табиғат қорғаудың қаталдау режимін енгізіледі деген сөз.

Толығырақ...

Студенттер іс-тәжірибеде

Өңірлік парк аумағында алғаш рет студенттер

іс-тәжірибеден өтуде.

2014 жылдың маусым айында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Туризм» мамандығының студенттері  өңірлік табиғи парктің Боралдай филиалында іс-тәжірибеден өтті

Толығырақ...

«Парктер шеруі - 2014»

image001Ағымдағы жылдың 17 наурыз күні Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі бойынша №3 ғылыми-техникалық кеңесі өтті. Күн тәртібіндегі 1 мәселе – «Парктер шеруі-2014» табиғат қорғау акциясының өткізілуі талқыланды.
«Парктер шеруі – 2014» табиғат қорғау акциясын өткізу жоспары және іс-шаралары туралы өңірлік паркінің туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің бастығы Жұмағұлова Н. баяндама жасады. ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2008 жылғы «17» наурыздағы № 73 бұйрығына сәйкес «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясын жыл сайын 23 наурыздан бастап 22 мамырға дейінгі делінген, осыған орай ағымдағы жылдың 22-наурыз күні Қаратау мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесе отырып, «Парктер шеруі -2014» табиғат қорғау акциясы өтуі жоспарланды.

Толығырақ...

«Сарқылмас саяхат» туристік жәрмеңкесі

2014-05-24-1-1Облыс әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласының «Көрме» орталығында облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Сарқылмас саяхат» 8-ші қазақстандық туристік жәрмеңкесі болып өтті.
Аталған туристік жәрмеңке жылжымалы түрде жыл сайын Қазақстанның әр облысында өтіп тұрады. Іс-шараның басты міндеті, облыстың ішкі және кіру туризмін дамыту, ОҚО туристік бағыттарын жылжыту.

Толығырақ...

Басқа мекемелермен тығыз байланыс

2014-05-21-1Ағымдағы жылдың 14-16 мамыр күндері туризм, рекреация және экоағарту бөлімінің бастығы Жұмағұлова Насихат Нұрмаханқызы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне тәжірибе алмасу мақсатында барып қайтты.

 

 

 

 

Толығырақ...

Ғылым жұмыстары

WP 20140516 007Ғылым, ақпарат және монитринг бөлімінің  бастығы Е.Төлеміс және экологиялық ағарту маманы М.Маликова Халықаралық Темпус компаниясының ұйымдастыруымен Түркістан қаласының А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өткен су ресурстарын басқару жөнінде ғылыми семинарға қатысып, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің  флорасы мен фаунасы туралы және атқарылып жатқан ғылыми жұмыстары жөнінде баяндама оқыды.

Облысқа сіңірген еңбегі үшін

image003Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі Сырдария филиалы директорының орынбасары Жарылқапов Исабек Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметовтың 2014 жылғы 28 сәуірдегі №1-104ө өкімімен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Жарылқапов Исабек осыған дейін бірнеше рет орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің, Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құрмет грамоталарымен және Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған.

 

«Сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу» айлығы

2014-03-03-1«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – 2014 жылдың ақпан айында ауа райының аязды және қардың қалың болуына байланысты мемлекеттік орман қоры жерлерінде мекендейтін жануарлар дүниесінің жай күйіне бақылау жұмыстарын ұйымдастыруды және сирек кездесетін, құрып кету қауіпі төмен түрлерінің жағдайына айрықша назар аударып, оларды қорғау мақсатында «Сұғанақтыққа қарсы күрес жүргізу» айлығын жариялаған болатын.
Іс – шара жоспарына сәйкес өңірлік табиғи парк аумағында 52 рет рейд жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ Сырдария филиалында 30 рет, Түркістан филалында 15 рет, Боралдай филиалында 7 рет.

Толығырақ...

Бірлескен іс – шаралар өңірлік табиғи паркта

2014-02-19-1Өңірлік табиғи парк Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының Экологиялық орталығымен бірлесе жұмыс жасауда. 2014 жылдың 19 қазан күні Туризм, рекреация және экоғарту бөлімінің қызметкерлері  Экологиялық орталықтың оқушыларының қатысуымен семинар тренинг өткізді. Семинар «Парктар неге керек?» тақырыбымен басталды. «Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінің алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ. Олар азайып, жылдар өткен соң, мүлдем құрып кету қаупі туады. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұруы үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз. Қайткен күнде де табиғат өзінің табиғи қалпын сақтауы қажет. Сол мақсатта осы парк қызметкерлері жұмыс атқаруда. Парктарға барғанда ешбір аңға, құсқа тиіспей, гүлдер мен өсімдіктерді жұлып, таптамау , табиғатты қорғап, аялау керектігі айтылды.  

Толығырақ...